A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Ақмола облысының аумағындаға ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiк туралы 2019 жылдың 1-жартыжылдығына арналған ақпарат

Бүгiнгi таңда облыс аумағында жануарлардың аса қауiптi аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай қолайлы болып табылады, бұл мал шаруашылығы саласында бағдарламаларды сәттi жүзеге асыруға және облысымыздың аумағында өндiрiлетiн өнiм мен шикiзатты тыс жерлерге еркiн шығаруға мүмкiндiк бередi.

Ветеринариялық препараттармен қамтамасыз етiлгендiк жоспарлы көктемгi ветеринариялық профилактикалық iс-шараларды ақпан айының ортасынан бастауға мүмкiндiк бердi, бұл олардың жоспарға сәйкес толық аяқталуын қамтамасыз етедi.

Облыс бойынша қан сынамаларын алу мен зертханаларға жеткiзу және ауыл шаруашылығы жануарларының вакцинациясы бойынша бiрiншi жартыжылдықтың ветеринариялық iс-шаралары бекiтiлген жоспарларға сәйкес орындалды. Бруцеллезге IҚМ-нiң 311,5 мың басы зерттелдi немесе бiрiншi жартыжылдықтың жоспарынан 107%, 783 бас IҚМ оң әрекет көрсеттi, ҰМ-ның 412,6 мың басы немесе 106%, 230 бас оң әрекет көрсеттi. Барлық оң әрекет көрсеткен жануарлар заңнамаға сәйкес санитариялық союға және қайта өңдеуге тапсырылады.

Құтыруға қарсы вакцинация, эхинококкозға қарсы дегельминтизация, қарасанға, сiбiр жарасына, нодулярлы дерматитке қарсы вакцинация, туберкулез және маңқаға қарсы диагностикалық зерттеулер өткiзiлдi.

172 объектiде 20,0 мың шаршы метр алаңда оң әрекет көрсеткен малдар ұсталған үй-жайларда мәжбүрлi дезинфекциялау жүргiзiлдi.

Басты мiндеттердiң бiрi АШЖБ дерекқорын порталды режимде жүргiзумен ауыл шаруашылығы жануарларының нақты басын есепке алу болып табылады.

Бүгiнгi таңда IҚМ 80%-ға (жылдық жоспар 157,665 мың бас кезiнде 126,1 мың бас бiрдейлендiрiлдi), ҰМ және шошқалар— 68%-ға (жылдық жоспар 220,840 мың кезiнде 151,3 мың бас, шошқалар жоспар 48,832 мың бас кезiнде 33,2 мың бас) және жылқылар — 16%-ға (жоспар 36,796 мың бас кезiнде 6,0 мың бас) бiрдейлендiрiлдi. Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру бойынша жұмыс Жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейiн жалғастырылатын болады.

Облыс аумағында эпизоотиялық амандықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

2019 жылдың өткен мерзiмiнде мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгерлермен жеке және заңды тұлғаларға орындау үшiн 584 ұйғарым берiлдi.

Ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды қамтамасыз ету бойынша iс-шараларды өткiзу нәтижесiнде 2,3 млн. теңге сомасына 70 жеке және заңды тұлғалар әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды.

Ветеринариялық қауiпсiздiк мәселелерi облыс әкiмдiгiнiң тұрақты бақылауында.

Мақаланың шыққан күні: 09.07.2019
Қаралым саны: 159

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz