A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу шеңберінде «Тәуелсіздік игілігіндегі еңбек» тақырыбына дөңгелек үстел

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Ақмола облысының ветеринария басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25-жылдығын мерекелеу шеңберiнде «Тәуелсiздiк игiлiгiндегi еңбек» тақырыбына дөңгелек үстел өткiздi.

Әкiмшiлiк және құқықтық жұмыс бөлiмiнiң басшысы Д.С. Жамантаев өзiнiң сөзiнде Республикамыздың тәуелсiздiгiнiң мерзiмiнде Қазақстанның жетiстiктерi туралы айтып өттi. Қазақстан Республикасы жас тәуелсiз мемлекет болып табылады, оған қарамастан тәуелсiздiк мерзiмiнде елiмiзде iрi ауқымды мемлекеттiк өзгертулер орын алды:

2 палаталы Парламент, сот жүйесi құрылды, жаңа астана жарияланды. Қарулы күштер, Республикалық ұлан, шекаралық әскер және әскери-теңiз флоты құрылды.

Қазақстан Шығыс Еуропа және ТМД елдерi арасында шетелдiк инвестицияларды тарту бойынша жетекшi мемлекет болды.

Әлеуметтiк және зейнетақы саласында маңызды реформалар жүргiзiлдi.

Бүгiнгi таңда республикада, саяси әралуандылық пен әлеуметтiк тұрақтылықты қамтамасыз ететiн, 16 саяси партиялар мен 25000 үкiметтiк емес ұйымдар бар.

Қазақстан ядролық қаруды қолданудан ерiктi түрде бас тартты және өзiн ядролық қарудан еркiн ел деп жариялады.

Қазақстанның халықаралық саясаты бiздiң мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгi мен егемендiгiнiң халықаралық кепiлдiктерiне жетуге бағытталған.

Шетел елдерiмен достық қарым-қатынас орнату үшiн үлкен жемiстi жұмыс жүргiзiлдi.

Қазақстанды 120-дан астам ел ресми түрде танып және дипломатиялық қатынастар орнатты.

Қазақстан БҰҰ-ның толық құқықты және белсендi мүшесi болып табылады, сондай-ақ Еуроодақ, Еуропалық жаңғырту және даму банкi, Халықаралық қаржы қоры, Атом энергетикасы жөнiндегi халықаралық агенттiк, Қызыл крест, ЮНИСЕФ және ЮНЕСКО сияқты зиялы халықаралық ұйымдармен әрiптестiктi нығайтуда. Қазақстан 40 көпжақты және 700 екiжақты келiсiмдер мен шарттарға қосылды.

Тәуелсiз дамудың 25 жылы iшiнде Қазақстан әлемнiң 50 ең дамыған елдерiнiң қатарына кiрдi, 2030-Стратегиясын мерзiмнен бұрын iске асырды, 2050-Стратегиясын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын iске асыруды бастады.

Бүгiнгi таңда Қазақстан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы арасында модернизациялық өзгерiстерде көшбасшы болып табылады.

Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымындағы салтанатты төрағалық, Астана саммитi, Ислам конференциясы ұйымындағы, Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенiм шаралары жөнiндегi кеңестегi, Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық — бұл Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың дана әрi тиiмдi саясатының арқасында қол жеткiзiлген үздiк жетiстiктер.

Басқарма басшысының орынбасарымен Республика Тәуелсiздiгiнiң игiлiгiндегi еңбекке қосқан үлестерi үшiн мамандарға құттықтау грамоталары мен медальдар берiлдi.

Дөңгелек үстелдiң бөлек маңызды тақырыбы Желтоқсан оқиғасының 30-жылдығына медаль алған Басқарманың бас маманы И.К. Балтабай қатысқан 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына арналды. Ол нәтижиесiнде халқымыздың көптеген буындарының үмiттерi мен аңсаған армандары орындалған сол уақыттың қайғылы оқиғасы туралы естелiктерiмен бөлiстi.

Содан кейiн, дөңгелек үстелге қатысушылармен тарих, география, әдебиет пен мемлекеттiк рәсмiздерге қатысты сұрақтар қойылған «Қазақстан тарихының бiлгiрi» тақырыбына викторина өткiзiлдi.

Командалардың қатысуышылары және жеңiмпаздары грамоталармен марапатталды.

Мақаланың шыққан күні: 15.12.2016
Қаралым саны: 332

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz