A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
2019 жылдың 9 айына арналған ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiк туралы

Бүгiнгi таңда облыс аумағында жануарлардың аса қауiптi аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай бiр қалыпты, бұл мал шаруашылығы саласында бағдарламаларды сәттi жүзеге асыруға және облысымыздың аумағында өндiрiлетiн өнiм мен шикiзатты тыс жерлерге еркiн шығаруға мүмкiндiк бередi.

Ветеринариялық препараттармен қамтамасыз етiлуi, көктемгi ветеринариялық профилактикалық жоспарлы iс-шараларды ақпан айының ортасынан бастауға мүмкiндiк бердi, бұл олардың жоспарға сәйкес толық аяқталуын қамтамасыз етедi.

Облыс бойынша ауыл шаруашылығы жануарларларын аса қауiптi ауруларға тексеру үшiн қан сынамаларын алу мен зертханаларға жеткiзу, құтыруға, қарасанға, сiбiр жарасына, нодулярлы дерматитке қарсы вакцинациялау, туберкулез және маңқаға қарсы диагностикалық зерттеулер, эхинококкозға қарсы дегельминтизация өткiзу iс-шаралары жүргiзiлуде.

Оң әрекет көрсеткен малдар ұсталған үй-жайларда 437 объектiде 73,0 мың шаршы метр алаңда мәжбүрлi дезинфекциялау жүргiзiлдi.

Басты мiндеттердiң бiрi АШЖБ дерекқорын порталды режимде жүргiзумен ауыл шаруашылығы жануарларының нақты мал басын есепке алу болып табылады. Бүгiнгi таңда IҚМ 103%-ға (161,7 мың бас бiрдейлендiрiлдi), ҰМ және шошқа 92%-ға (204,1 мың бас және 44,8 мың бас) және жылқы 52%-ға (19,2 мың бас) бiрдейлендiрiлдi. Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру бойынша жұмыс Жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейiн жалғастырылатын болады.

Облыс аумағында эпизоотиялық амандықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

2019 жылдың өткен мерзiмiнде мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгерлермен жеке және заңды тұлғаларға орындау үшiн 707 ұйғарым берiлдi.

Ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды қамтамасыз ету бойынша iс-шараларды өткiзу нәтижесiнде 4,2 млн. теңге сомасына 127 жеке және заңды тұлғалар әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды.

Ветеринариялық қауiпсiздiк мәселелерi облыс әкiмдiгiнiң тұрақты бақылауында.

Мақаланың шыққан күні: 14.10.2019
Қаралым саны: 134

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@aqmola.gov.kz