A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
«Ветеринария саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне бақылау және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі» тақырыбына семинар-кеңес

А.ж. 24 сәуiрiнде Ақмола облысы ветеринария басқармасымен Ақмола облысы прокуратура басқармасының прокуроры, арнайы есепке алу бөлiмiнiң аға прокуроры, ҚР АШМ ВБҚК Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, «Казагромаркетинг» АҚ өкiлдерi, аудандар, Көкшетау, Степногорск қалалары әкiмдiктерiнiң жанындағы ветеринария бөлiмдерiнiң басшылары, ветеринариялық ұйымдардың директорлары мен АШЖБ базасына жауаптылар, сонымен қатар Ақмола облысының ветеринария басқармасы мамандарының қатысуымен «Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражiгiн ажыратуға байланысты жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне бақылау және қадағалауды жүзеге асыру тәртiбi» тақырыбына семинар-кеңес өткiзiлдi.

Күн тәртiбiнде келесi мәселелер қарастырылды:

1. «Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы»

2. «Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражiгiн ажыратуға байланысты жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне бақылау және қадағалауды жүзеге асыру тәртiбi»

3. Өкiлеттiктердiң аражiгiн ажыратуға байланысты жұмыс барысында пайда болған мәселелердi талқылау және оларға түсiндiру беру.

4. АШЖБ дерек банкiсiн жүргiзу және тiркеу жөнiнде проблемалық мәселелерге түсiндiру беру.

5. Мамандарды ауыстыру тәртiбiмен жұмысқа орналастыру.

6. Ағымдағы және өзге де мәселелер.

Талқылаудың нәтижесi бойынша аудандар (қалалар) әкiмдiктерi жанындағы ветеринария бөлiмдерiнде мамандарды семинар-кеңестiң нәтижесiмен және прокуратура өкiлдерiнiң берген түсiндiрулермен таныстыру мақсатында кеңес өткiзу, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағадау комитетiне, Ақмола облысының Прокуратурасы, Ақмола облысы бойынша статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi Басқармасына тусiндiру жауаптары берiлмеген даулы мәселелер жөнiнде жазбаша түрде ұсыныстар енгiзу.

Мақаланың шыққан күні: 24.04.2015
Қаралым саны: 475

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz