A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
«Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажыратуға байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілеріне бақылау және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі» тақырыбына семинар-кеңес

2015 жылдың 30 қазанында Ақмола облысының ветеринария басқармасымен «Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражiгiн ажыратуға байланысты жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне бақылау және қадағалауды жүзеге асыру тәртiбi» тақырыбына семинар-кеңес өткiзiлдi. Семинар-кеңеске Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң Ақмола облысы бойынша басқармасының арнайы есепке алу бөлiмiнiң аға прокуроры Т.К. Мукашева, Ақмола облысының ветеринария басқармасы Б.К. Булашев, аудандар, Көкшетау және Степногорск қалаларының ветеринария бөлiмдерiнiң басшылары мен мамандары және Ақмола облысы ветеринария басқармасының мамандары қатысты. Күн тәртiбiнде келесi мәселелер қарастырылды:

1. Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражiгiн ажыратуға байланысты жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне бақылау және қадағалауды жүзеге асыру тәртiбi;

2. Тексерулер тағайындау туралы актiлердi, тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру мерзiмдерiн ұзарту туралы хабарлауларды, қатысушылардың құрамын өзгерту туралы актiлердi тiркеу және тексеру мен оның нәтижелерi жөнiндегi ақпараттың есепке алу құжаттарын ұсыну ережесiн жүзеге асыру;

3. Тексерулермен байланысты жұмыстың барысында туындайтын мәселелердi түсiндiру және талқылау;

4. Өндiрiс объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру және есептiк нөмiр беру тәртiбi;

5. Тексерiс тағайындау туралы актiлердi электрондық тiркеу бойынша практикалық оқыту;

6. Ағымдағы және басқа мәселелер.

Талқылаудың нәтижесi бойынша аудандар (қалалар) әкiмдiктерi жанындағы ветеринария бөлiмдерiнде мамандарды семинар-кеңестiң нәтижесiмен таныстыру мақсатында кеңес өткiзу, аудандар прокуратураларын және берiлген функцияларды бұрын жүзеге асырған аумақтық инспекциялардың мамандарын шақырумен бөлiмдердiң барлық мамандарымен оқыту семинарларын өткiзу, ветеринария саласында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi көрсету үшiн аудандар, қалалар бөлiмдерiнiң басшыларына ҚР заңнамасымен бланкiлерге қойылатын талаптарды сақтаумен бөлiмдердi ветеринариялық құжаттармен қамтамасыз ету туралы шешiмдер қабылданды.

Мақаланың шыққан күні: 30.10.2015
Қаралым саны: 332

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz