A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Тексерулерді ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыру тәртібін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес

2017 жылдың 28 желтоқсанында «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (бұдан әрi — Кодекс) 729-бабына жергiлiктi атқарушы органдарға әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану құқығын беру бөлiгiнде өзгертулер енгiзiлдi.

Осылайша, Кодекстiң 729-бабының 2-тармағына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкiмi мен оның орынбасарлары құқылы.

Бұл кезде, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес құқық бұзушылық туралы қаулылар шығару жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының (ЖАО мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгерi) құзыретiне кiредi.

Осылайша, жоғарыда көрсетiлген Кодекстiң және Заңның қайшылығы тексеру өткiзу кезiнде жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгерлерiнiң iс-әрекеттерiнiң тәртiбiн толық реттемейдi.

Осыған орай, 2018 жылдың 9 ақпанында Ақмола облысының ветеринария басқармасы облыс әкiмдiгiмен бiрге Ақмола облысы прокуратурасының, Ақмола облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының, облыстың аудандары мен қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының өкiлдерiмен семинар-кеңес өткiзiлдi.

Күн тiзбесiнде негiзгi мәселе болып мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау тексерулерiн ұйымдастыру және өткiзу кезiнде бұзушылықтарды болдырмау бойынша заң нормаларын түсiндiру болды.

Нормативтiк құқықтық актiлердi бiрiңғай түсiнудiң болмауы мемлекеттiк ветеринариялық бақылау және қадағалау саласында белгiлi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне себептесуi мүмкiн.

Осыған орай Ақмола облысы прокуратурасының қоғамдық мүдденi қорғау бойынша басқармасының аға прокуроры — Б. Саттыбаев ветеринария саласындағы заңдарда қайшылықтардың бар болуына байланысты Ақмола облысының прокуратурасымен әзiрлеушi органдарға ұсыныс сипатындағы ұсынымдар әзiрленгендiгiн хабарлады.

Кеңес барысында әкiмшiлiк iстердi қарау үшiн әкiмдерге және олардың орынбасарларына жiберу бөлiгiнде Кодекс талаптарын сақтау бойынша ұсыныс берiлдi.

Сонымен қатар, қолданыстағы Кодекспен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды тұлғаларымен қарау көзделгендiгi аталып өттi.

Осыған орай, ветеринариялық мамандарға әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi рәсiмдеу және ұсынудың заңдылығын мүлтiксiз сақтау қажеттiлiгi, «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 12-бабына сәйкес Кодекстi басшылыққа алу туралы шешiм қабылданды.

Облыстың аудандары мен қалалары әкiмдiктерiнiң мемлекеттiк-құқықтық бөлiмдерiнiң басшыларына хаттамалар және iс материалдары түскен кезде әкiмшiлiк iстердi уақытылы қарауды қамтамасыз ету.

Кеңестiң соңында сұрақтар қойылды.

Мақаланың шыққан күні: 15.02.2018
Қаралым саны: 362

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz