A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
«Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуелдіктеріне ішкі талдаудың нәтижесі жөніндегі 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларына арналған талдамалы анықтама

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзу мақсатында Басқарма қызметiнде сыбайлас жемқорлық тәуелдiктерiн анықтау затына талдау жүргiзу үшiн «Сыбайлас жемқорлық тәуелдiктерiн анықтау бойынша iшкi талдау жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы» 2017 жылғы 19 қыркүйектегi № 01-08/н-38 бұйрық қабылданды.

Талдауды жүргiзу мерзiмi: 2017 жылдың 19-26 қыркүйегi.

Талданатын мерзiм: 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2017 жылдың 31 тамызына дейiн.

Бұйрықпен 3 адамнан тұратын жұмыс тобы бекiтiлдi, оның құрамы: Басқарма басшысының орынбасары, әкiмшiлiк және құқықтық жұмыс бөлiмiнiң басшысы, персоналды басқару қызметiнiң бас маманы (Бұйрықтың көшiрмесi қоса берiледi).

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 13 маусымындағы № А-7/272 қаулысымен бекiтiлген «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» ММ-нiң Ережесi бар.

Ақмола облысы әкiмiнiң 18.02.2015 жылғы № 37-ж/қ өкiмiмен басқарманың басшысы болып Б.К. Булашев тағайындалды.

Басқарманың мiндетi — ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру. Ережеге сәйкес ветеринария басқармасы 28 функцияны iске асырады.

Басқарманың қызметiнде сыбайлас жемқорлық тәуелдiктерiне iшкi талдау барысында анықталды:

«Персоналды басқару» бағыты.

Штат саны ағымдағы мерзiм жағдайына 16 бiрлiктi құрайды, нақты сан — 16 бiрлiк.

Штат санының құрылымы 4 бөлiмнен тұрады; штат санымен 1 басқарма басшысының орынбасары, 4 бөлiм басшысы, 10 бас маман көзделген.

«Болашақ» бағдарламасының және Мемлекеттiк басқару академиясының түлектерiнiң әлеуетiн пайдалану. «Болашақ» бағдарламасының және Мемлекеттiк басқару академиясының түлектерiнiң санынан Басқарма қызметкерлерi жоқ.

Кадрлардың ауысуы. Талданып отырған мерзiмде Басқармада кадрлардың ауысуы жоқ.

Кадр шешiмдерiн қабылдау бойынша арыздардың бар болуы. Ағымдағы мерзiмде кадр мәселелерi бойынша арыздар түскен жоқ.

Ведомствоға бағынысты ұйымдардың бар болуы. Ветеринария басқармасында ведомствоға бағынысты ұйымдар жоқ.

Жағымсыз себептермен жұмыстан босату жоқ.

Басқарма қызметшiлерiмен жыл сайын уақытылы кiрiстер туралы декларациялар тапсырылады.

ҚР Президентiнiң 29.12.2015 жылғы № 153 Жарлығымен ҚР мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiнiң бекiтiлуiне байланысты, Басқарма қызметшiлерi 06.01.2016 жылы әдеп кодексiнiң мәтiнiмен таныстырылды.

Қолжетiмдi жерде ҚР мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiнiң мәтiнiмен стенд орнатылды. Басқармада көпшiлiкке қолжетiмдi жерде «сенiм телефоны», жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтiнiштерiне арналған жәшiк орнатылды, сонымен қатар, бұйрықпен жауапты тұлға бекiтiлдi.

Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты уақытылы және сапалы iске асыруға жауапты тұлға — әкiмшiлiк және құқықтық жұмыс бөлiмiнiң басшысы Д. Жамантаев бекiтiлдi.

Бос орындарға орналасуға конкурстар.

Талданатын мерзiмде Басқармамен конкурстар өткiзiлген жоқ.

Конкурстық комиссияның қабылдайтын шешiмдерiнiң ашықтығы және объектвитiлiктiгiн қамтамасыз ету мақсатында Басқармамен сұхбаттасу өткiзу кезiнде байқаушылар тартылады. Тiркелуi қолданыстағы номативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүргiзiлетiн байқаушыларды есепке алу журналы бар.

Нормативтiк құқықтық актiлерге ай сайынғы мониторингтi жүргiзу барысында «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР АШМ 09.06.2017 жылғы № 235 бұйрығымен Ветеринария саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлгендiгi анықталды.

Осыған орай, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» ҚР 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Заңына сәйкес жоғарыда көрсетiлген бұйрықтың күшiне енгу күнiнен бастап 30 күндiк мерзiмде Басқармамен «Ветеринария саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 2 қарашадағы № А-11/501 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Ақмола облысы әкiмдiгi қаулысының жобасы әзiрлендi. Қазiргi кезде бұл жоба бекiтудiң соңғы деңгейiнде. Заң нормасымен көзделген мерзiмдер сақталуда.

Басқармаға келiп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi уақытылы тiркеледi. Барлығы 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында 10 өтiнiш келiп түстi: 10 — заңды және 1 жеке тұлғалардан. Олардың iшiнен өтiнiмдер — 2, сұраным мен ұсыныстар — 8. Қаралған өтiнiштер — 5, құзырет бойынша басқа органдарға жiберiлдi — 2, мәлiметке алынды және iске тiгiлдi (ҚР Заңының 10-б. 2-т.) — 3. Өтiнiштер бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бағыты.

ҚР Үкiметiнiң 18.09.2013 жылғы № 983 қаулысымен бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң тiзiмiне сәйкес Басқарма 3 қызметтi көрсетедi:

- жануарларды өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есептiк нөмiрлер беру;

- ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру;

- ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау.

Талданатын мерзiмде Басқармамен жануарларды өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есептiк нөмiрлер беру бойынша 85 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.

Сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру бойынша 2 мемлекеттiк қызмет.

Мерзiмдердi бұзу және бас тартулар жоқ.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алуға бiрдей қол жеткiзу мүмкiндiгi.

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» ҚР 15.04.2013 жылғы Заңының 5-бабының 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi берушiлер мүмкiндiгi шектеулi адамдардың мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алуы кезiнде оларға қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi.

Талдаумен Басқарма орналасқан ғимаратта шақырту батырмасы,ипандус, сондай-ақ әлеуметтiк тұрғыдан әлсiз тобына жататын тұлғалардан өтiнiштердi алуға арналған бөлме бар екендiгi анықталды.

Басқарманың ресми сайтында «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде ветеринария саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң Стандарттары мен Регламенттерiне сiлтемелер орналастырылды. Басқармамен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң стендттерi қолжетiмдi орындарды орналастырылған. Сондай-ақ БАҚ-та мемлекеттiк қызметтердi көрсету бойынша 3 мақала жарияланды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөнiндегi 2017 жылға арналған iс-шаралар жоспарына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» ҚР Заңына енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар бойынша құқықтық жаппай оқу өткiзiлдi.

Сонымен қатар, 2017 жылы Басқарманың сайтында орналастырылған Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты әзiрлендi және бекiтiлдi.

Басқармада «Мемлекеттiк қызмет туралы» және Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерге тәртiптiк жаза қолдану қағидасының нормаларына сәйкес тәртiптiк комиссия жұмыс iстейдi.

Нормативтiк құқықтық актiлерге талдау, жеке және заңды тұлғалар өтiнiштерi бойынша, мемлекеттiк қызметтердi көрсету, бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурстық iрiктеудi өткiзу тәртiбiне мониторинг өткiзiлдi.

Аталған бағыттар бойынша мемлекеттiк органның қызметiнде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерi уақытылы жойылды.

Басқарманың қызметiнде сыбайлас жемқорлық тәуелдiктерiне өткiзiлген талдаудың нәтижесi бойынша жұмыс тобы ұсынады:

1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 18.11.2015 жылғы Заңының нормаларын мүлтiксiз сақтауды қамтамасыз ету;

2. мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге өтiнiштердi электрондық форматта қабылдау тәжiрибесiн жалғастыру;

3. Басқарманың кадрларының ауысуын болдырмау бойынша шаралар қабылдау;

4. интернет-ресурстың ақпаратын тұрақты негiзде өзектендiру бойынша тәжiрибенi жалғастыру.

Дата создания статьи: 27.10.2017 15:58
Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.10.2017 15:58
Қаралым саны: 652

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz