A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
«Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуелдіктеріне ішкі талдаудың нәтижесі жөніндегі 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларына арналған талдамалы анықтама (прикрепленный документ Аналитическая справка)

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзу мақсатында Басқарма қызметiнде сыбайлас жемқорлық тәуелдiктерiн анықтау затына талдау жүргiзу үшiн «Сыбайлас жемқорлық тәуелдiктерiн анықтау бойынша iшкi талдау жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы» 2018 жылғы 23 мамырдағы № 01-06/н-27 бұйрық қабылданды.

Талдауды жүргiзу мерзiмi: 2018 жылдың 28-30 мамыры.

Талданатын мерзiм: 2018 жылдың 1 қаңтарынан 2018 жылдың 30 мамырына дейiн.

Бұйрықпен 3 адамнан тұратын жұмыс тобы бекiтiлдi, оның құрамы: әкiмшiлiк және құқықтық жұмыс бөлiмiнiң басшысы, персоналды басқару қызметiнiң бас маманы, Ақмола облысының жергiлiктi ауыл шаруашылығы қызметкерлерiнiң кәсiподағының төрағасы (келiсiм бойынша). Бұйрықтың көшiрмесi қоса берiледi.

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 13 маусымындағы № А-7/272 қаулысымен бекiтiлген «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» ММ-нiң Ережесi бар.

Ақмола облысы әкiмiнiң 18.02.2015 жылғы № 37-ж/қ өкiмiмен басқарманың басшысы болып Б.К. Булашев тағайындалды.

Басқарманың мiндетi — ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру. Ережеге сәйкес ветеринария басқармасы 28 функцияны iске асырады.

Басқарманың қызметiнде өткiзiлген сыбайлас жемқорлық тәуелдiктерiне iшкi талдау барысында анықталды:

«Персоналды басқару» бағыты.

Штат саны ағымдағы мерзiм жағдайына 16 бiрлiктi құрайды, нақты сан — 16 бiрлiк.

Штат санының құрылымы 4 бөлiмнен тұрады; штат санымен 1 басқарма басшысының орынбасары, 4 бөлiм басшысы, 10 бас маман көзделген.

Кадрлардың ауысуы. Талданып отырған мерзiмде Басқармада кадрлардың ауысуы жоқ.

Кадр шешiмдерiн қабылдау бойынша арыздардың бар болуы. Ағымдағы мерзiмде кадр мәселелерi бойынша арыздар түскен жоқ.

Жағымсыз себептермен жұмыстан босату жоқ.

Басқарма қызметшiлерiмен жыл сайын уақытында кiрiстер туралы декларациялар тапсырылады.

Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты уақытында және сапалы iске асыруға жауапты тұлға — әкiмшiлiк және құқықтық жұмыс бөлiмiнiң басшысы Д. Жамантаев бекiтiлдi.

Бос орындарға орналасуға конкурстар.

Талданатын мерзiмде Басқармамен конкурстар өткiзiлген жоқ.

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бағыты.

ҚР Үкiметiнiң 18.09.2013 жылғы № 983 қаулысымен бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң тiзiмiне сәйкес Басқарма 3 қызметтi көрсетедi:

-жануарларды өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есептiк нөмiрлер беру;

-ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру;

-ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау.

Талданатын мерзiмде Басқармамен ҚР АШМ ББАЖ АЖ арқылы жануарларды өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есептiк нөмiрлер беру бойынша 50 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.

Мерзiмдердi бұзу және бас тартулар жоқ.

Бүгiнгi таңда Елбасымен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасына және оларды көрсетудi электрондық форматқа көшуiне үлкен назар бөлiнедi, себебi бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының қызметiне азаматтардың сенiмiн арттырудың маңызды аспектiлерi болып табылады.

Осылайша, «Ветеринария саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығына сәйкес, «өндiрiс объектiлерiне есептiк нөмiрлер беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiне өтiнiштi қабылдау және нәтижесiн беру жергiлiктi атқарушы органдардың және облыстық маңызы бар қалалардың кеңсесi немесе «Электрондық үкiмет» порталы арқылы жүзеге асырылады.

Алайда Басқармада ветеринария саласындағы ақпараттық жүйелердiң www.egov.kz, www.elicense.kz порталымен интеграциясының болмауына байланысты бұл қызметтi көрсетуге электронды форматта өтiнiштердi қабылдауға және оны көрсетуге мүмкiндiгi жоқ, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне әкелуi мүмкiн.

Өз кезегiнде Басқармамен жоғары тұрған органдарға және «Нұр Отан» партиясының Ақмола филиалына көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушымен байланысын болдырмау мақсатында осы мәселенi шешу туралы өтiнiшпен бiрнеше рет хаттар жiберiлдi.

Қазiргi кезде бұл мәселе ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның қарауында.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алуға бiрдей қол жеткiзу мүмкiндiгi.

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» ҚР 15.04.2013 жылғы Заңының 5-бабының 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi берушiлер мүмкiндiгi шектеулi адамдардың мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алуы кезiнде оларға қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi.

Талдаумен Басқарма орналасқан ғимаратта шақырту батырмасы, пандус, сондай-ақ әлеуметтiк тұрғыдан әлсiз тобына жататын тұлғалардан өтiнiштердi алуға арналған бөлме бар екендiгi анықталды.

Басқарманың ресми сайтында «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде ветеринария саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң Стандарттары мен Регламенттерiне сiлтемелер орналастырылды. Басқармамен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң стендттерi қолжетiмдi орындарды орналастырылған. Сондай-ақ БАҚ-та мемлекеттiк қызметтердi көрсету бойынша мақалалар жарияланады.

Нормативтiк құқықтық актiлерге талдау, жеке және заңды тұлғалар өтiнiштерi бойынша, мемлекеттiк қызметтердi көрсету, бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурстық iрiктеудi өткiзу тәртiбiне мониторинг өткiзiлдi.

Аталған бағыттар бойынша мемлекеттiк органның қызметiнде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерi жоқ.

Басқарманың қызметiнде сыбайлас жемқорлық тәуелдiктерiне өткiзiлген талдаудың нәтижесi бойынша жұмыс тобы ұсынады:

1.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 18.11.2015 жылғы Заңының нормаларын мүлтiксiз сақтауды қамтамасыз ету;

2.көрсетiлетiн қызметтердi алушыларға мемлекеттiк қызметтердi алудың баламасын (қағаз, электрондық) беру, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiмен байланыстарды барынша азайту бойынша барлық қажеттi шараларды қабылдау;

3.Басқарманың кадрларының ауысуын болдырмау бойынша шаралар қабылдау;

4.интернет-ресурстың ақпаратын тұрақты негiзде өзектендiру бойынша тәжiрибенi жалғастыру.

Жұмыс тобының басшысы:                                                                                __________ Д.С. Жамантаев

Жұмыс тобының мүшелерi:                                                                                __________ А.Ж. Темиртасова

                                                                                                                               __________ Т.Н. Айкенов

Дата создания статьи: 19.09.2018 09:16
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.09.2018 09:16
Қаралым саны: 49

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz