A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
«Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуелдіктеріне ішкі талдаудың нәтижесі жөніндегі талдамалы анықтама

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзу мақсатында Басқарма қызметiнде сыбайлас жемқорлық тәуелдiктерiн анықтау затына талдау жүргiзу үшiн «Жұмыс тобын құру туралы» 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 01-17/н-86 бұйрық қабылданды.

Талдауды жүргiзу мерзiмi: 2017 жылдың 4-6 қаңтары.

Талданатын мерзiм: 2015 жылдың 1 қаңтарынан 2016 жылдың 30 желтоқсанына дейiн.

Бұйрықпен 5 адамнан тұратын жұмыс тобы бекiтiлдi, оның құрамы: басшының орынбасары (1 адам), бөлiм басшылары (4 адам), соның iшiнде Басқарманың заңгерi (Бұйрықтың көшiрмесi қоса берiледi).

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 13 маусымындағы № А-7/272 қаулысымен бекiтiлген «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» ММ-нiң Ережесi бар.

Ақмола облысы әкiмiнiң 18.02.2015 жылғы № 37-ж/қ өкiмiмен басқарманың басшысы болып Б.К. Булашев тағайындалды.

Басқарманың мiндетi — ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру. Ережеге сәйкес ветеринария басқармасы 28 функцияны iске асырады.

Басқарманың қызметiнде сыбайлас жемқорлық тәуелдiктерiне iшкi талдау барысында анықталды:

«Персоналды басқару» бағыты.

Штат саны ағымдағы мерзiм жағдайына 16 бiрлiктi құрайды, нақты сан — 16 бiрлiк.

Штат санының құрылымы 4 бөлiмнен тұрады; штат санымен 1 басқарма басшысының орынбасары, 4 бөлiм басшысы, 10 бас маман көзделген.

«Болашақ» бағдарламасының және Мемлекеттiк басқару академиясының түлектерiнiң әлеуетiн пайдалану. «Болашақ» бағдарламасының және Мемлекеттiк басқару академиясының түлектерiнiң санынан Басқарма қызметкерлерi жоқ.

Кадрлардың ауысуы. Талданып отырған мерзiмде Басқармада зейнет жасына жетуiне байланысты 1 қызметшi жұмыстан босатылды.

Жұмысқа қабылданды — конкурстық рәсiмдердiң нәтижиесi бойынша 3 қызметшi.

Кадр шешiмдерiн қабылдау бойынша арыздардың болуы. Ағымдағы мерзiмде кадр мәселелерi бойынша арыздар түскен жоқ.

Ведомствоға бағынысты ұйымдардың бар болуы. Ветеринария басқармасында ведомствоға бағынысты ұйымдар жоқ.

Жағымсыз себептермен жұмыстан босату жоқ.

Басқарма қызметшiлерiмен жыл сайын уақытылы кiрiстер туралы декларациялар тапсырылады.

ҚР Президентiнiң 29.12.2015 жылғы № 153 Жарлығымен ҚР мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiнiң бекiтiлуiне байланысты, Басқарма қызметшiлерi 2016 жылдың 6 қаңтары күнi әдеп кодексiнiң мәтiнiмен таныстырылды.

Сонымен қатар, конкурс рәсiмдерiнiң нәтижелерi бойынша лауазымға тағайындалған қызметкерлер үш күндiк мерзiмде әдеп кодексiнiң мәтiнiмен таныстырылды.

Қолжетiмдi жерде ҚР мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiнiң мәтiнiмен стенд орнатылды. Басқармада көпшiлiкке қолжетiмдi жерде «сенiм телефоны», жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтiнiштерiне арналған жәшiк орнатылды, сонымен қатар, бұйрықпен жауапты тұлға бекiтiлдi.

Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты уақытылы және сапалы iске асыруға жауапты тұлға — әкiмшiлiк және құқықтық жұмыс бөлiмiнiң басшысы Д. Жамантаев бекiтiлдi.

Бос орындарға орналасуға конкурстар.

2016 жылы бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға 5 конкурстық iрiктеу өткiзiлдi.

Мемлекеттiк ветеринариялық бақылау және қадағалау бөлiмiнiң бас маманы бос орнына орналасуға конкурс өткiзу бойынша кадр резервiнен үмiткердi қабылдау бөлiгiнде бұзушылық анықталды.

Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органға кадр резервiнiң тiзiмi туралы жазбаша сұранымға 3 қазанда резервшi О.К. Лукпанов көрсетiлген, кадр резервiнiң мерзiмi 2016 жылдың 7 қазанында өтетiн тiзiм алынды. «Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы» ҚР Президентiнiң 04.12.2003 № 1243 Жарлығының күшi жойылуына байланысты (29.12.2015 №151).

Уәкiлеттi органның маманымен персоналды басқару қызметiнiң бас маманы А.Ж. Темиртасоваға Жарлықтың күшi жойылуына байланысты резервшi бойынша әрi қарай әрекеттерге қатысты телефон байланысы арқылы консультация берiлдi. Қателесу және нормативтiк құқықтық актiлердi қате түсiндiру 2016 жылдың 19 қазанында О.К. Лукпановты бас маман лауазымына негiзсiз тағайындауға әкелдi.

Мемлекеттiк қызмет iстерi министрлiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң 21.20.2016 № 02-19/2036 «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 68-бабының 1-тармағын бұзу — О.К. Лукпановты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға кадр резервiнiң мерзiмi өткеннен кейiн тағайындау фактiсi туралы хатына сәйкес кадр қызметiнiң бас маманы — А.Ж. Темиртасованы тәртiптiк жазаға тарту туралы мәселенi қарау жөнiндегi Басқарманың тәртiптiк комиссиясының 31.10.2016 жылғы отырысы өткiзiлдi.

Басқарманың 01.11.2016 № 01-19/т-21 бұйрығының негiзiнде А.Ж. Темиртасова «ескерту» түрiндегi жауапкершiлiкке тартылды.

Жарияланған конкурстардың нәтижиелерi бойынша 3 бос мемлекеттiк лауазым орнына 3 үмiткер қабылданды.

Конкурстық комиссияның қабылдайтын шешiмдерiнiң ашықтығы және объектвитiлiктiгiн қамтамасыз ету мақсатында Басқармамен сұхбаттасу өткiзу кезiнде байқаушылар тартылады. Тiркелуi қолданыстағы номативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүргiзiлетiн байқаушыларды есепке алу журналы бар.

Тоқсан сайын нормативтiк құқықтық актiлерге мониторинг жүргiзiледi, ҚР заңнамасына қайшы келетiн номативтiк құқықтық актiлер айқындалған жоқ.

Басқармаға келiп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi уақытылы тiркеледi. Барлығы 2016 жылы 30 өтiнiш келiп түстi: 26 — заңды және 4 жеке тұлғалардан. Олардың iшiнен өтiнiмдер — 3, сұраным мен ұсыныстар — 21. Қаралған өтiнiштер — 22, құзырет бойынша басқа органдарға жiберiлдi — 5, мәлiметке алынды және iске тiгiлдi (ҚР Заңының 10-б. 2-т.) — 3. Өтiнiштер бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер бағыты.

ҚР Үкiметiнiң 18.09.2013 жылғы № 983 қаулысымен бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң тiзiмiне сәйкес Басқарма 3 қызметтi көрсетедi:

- жануарларды өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есептiк нөмiрлер беру;

- ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру;

- ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау.

Жылдың басынан Басқармамен жануарларды өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есептiк нөмiрлер беру бойынша 139 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.

Сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру бойынша 4 мемлекеттiк қызмет.

Мерзiмдердi бұзу және бас тартулар жоқ.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алуға бiрдей қол жеткiзу мүмкiндiгi.

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» ҚР 15.04.2013 жылғы Заңының 5-бабының 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi берушiлер мүмкiндiгi шектеулi адамдардың мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алуы кезiнде оларға қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi.

Талдаумен Басқарма орналасқан ғимаратта шақырту батырмасы,ипандус, сондай-ақ әлеуметтiк тұрғыдан әлсiз тобына жататын тұлғалардан өтiнiштердi алуға арналған бөлме бар екендiгi анықталды.

Басқарманың ресми сайтында «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде барлық мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң Стандарттары мен Регламенттерiне сiлтемелер орналастырылды. Басқармамен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң стендттерi қолжетiмдi орындарды орналастырылған. Сондай-ақ БАҚ-та мемлекеттiк қызметтердi көрсету бойынша 3 мақала орналастырылды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөнiндегi 2016 жылға арналған iс-шаралар жоспарына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» ҚР Заңына енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар бойынша құқықтық жаппай оқу өткiзiлдi.

Басқармада «Мемлекеттiк қызмет туралы» және Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерге тәртiптiк жаза қолдану қағидасының нормаларына сәйкес тәртiптiк крмиссия жұмыс iстейдi.

А.ж. бiрiншi жартыжылдығының нәтижиелерi бойынша Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылған талдамалы анықтамада көрсетiлген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдаунәтижиелерi өткiзiлдi. Нормативтiк құқықтық актiлерге талдау, жеке және заңды тұлғалар өтiнiштерi бойынша, мемлекеттiк қызметтердi көрсету, бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурстық iрiктеудi өткiзу тәртiбiне мониторинг өткiзiлдi.

Аталған бағыттар бойынша мемлекеттiк органның қызметiнде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерi анықталған жоқ.

Дата создания статьи: 27.10.2017 15:32
Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.10.2017 15:32
Қаралым саны: 801

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz