A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
«Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Көшiру  (DOCX 35 Kb)

«Ақмола облысының

ветеринария басқармасы»

мемлекеттiк мекемесiнiң

сыбайлас жемқорлыққа

қарсы стандартын бекiту

туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес, ветеринария саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсыныстар жүйесiн белгiлеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлген «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекiтiлсiн.

2. Әкiмшiлiк және құқықтық жұмыс бөлiмi осы бұйрықтың «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалтырамын.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Басшы                                                                                                                                                                                              Б. Булашев

«Ақмола облысының

ветеринария басқармасы» ММ

басшысының

2017 жылғы 30 мамырдағы № 01-08/н-25

бұйрығымен бекiтiлдi

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

1. Қоғамдық қатынас саласының атауы ветеринария.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзiрлеушiнiң атауы «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» ММ.

3. Қоғамдық қатынастардың жеке саласында жұмыс iстейтiн адамдардың iс-әрекет қағидалары

3.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру кезiнде «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» ММ мемлекеттiк қызметшiлерi:

1) заңдылық, әдептiлiк қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын басшылыққа алуға;

2) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде олардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, лауазымдық өкiлеттiктерiн орындау барысында алынған, азаматтардың жеке өмiрiн, намысы мен арына қатысты мәлiметтердi жарияламауға және олардан осындай ақпарат берудi талап етпеуге;

3.1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтiк мiндеттерiн орындау нәтижесiнде алынған және коммерциялық, салық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиядан тұратын ақпаратты жарияламауға және (немесе) таратпауға;

4) тiкелей басшысын не өзi жұмыс iстейтiн ұйымның басшылығын туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы оған бұл жөнiнде белгiлi болған сәтте жазбаша хабардар етуге;

4.1) мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу жөнiнде тиiстi шаралар қолдануға;

5) белгiлi болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылыққа және (немесе) құқық қорғау органдарына дереу мәлiмдеуге;

6) қызметтiк әрекетiн жүзеге асыру кезiнде қызмет бабын терiс пайдалануға, төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне, сондай-ақ дөрекiлiк пен бiржақтылық көрiнiстерiне жол бермеуге;

7) өзiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн және онымен байланысты мүмкiндiктерiн жеке мүлiктiк және мүлiктiк емес пайда алу үшiн пайдаланбауға;

8) мемлекет мүддесiне нұқсан келтiретiн, жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс iстеу тиiмдiлiгiне кедергi жасайтын немесе тиiмдiлiгiн төмендететiн iс-әрекеттерге қарсы тұруға;

9) жоғары кәсiби жұмыс үшiн қажеттi күш-жiгерiн салуға, қойылған мiндеттердi шешудiң оңтайлы да үнемдi және өзге де құзыреттiлiк әдiстерiн қолдануға;

10) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын шешiмдердi қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге мiндеттi.

3.2. өз құзыретi шеңберiнде басқарушылық және өзге шешiмдердi даярлау және қабылдау кезiнде «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» ММ мемлекеттiк қызметшiлерi:

1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа төзбестiк танытуға;

2) кәсiби (қызметтiк) әдеп сақтауға;

2.1) бағынысты қызметкерлерге қатысты негiзсiз айыптауларға, дөрекiлiк, адамдық қадiр-қасиетiн кемсiту, әдепсiздiк, орынсыз мiнез-құлық фактiлерiне жол бермеуге;

2.2) бағынысты қызметкерлерге қатысты олардың қызметiне ықпал етуге қызметтiк жағдайын пайдалануға жол бермеуге және құқыққа қарсы қылықтарды жасауға мәжбүрлемеуге;

2.3) адал, әдiл, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларды сақтауға, азаматтармен және әрiптестерiмен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептiлiк танытуға;

2.4) өзiнiң iс-әрекетiмен және мiнез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшiн қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшiлiктердi жою мен өзiнiң қызметiн жақсарту үшiн пайдалануға;

2.5) iскерлiк әдептi және ресми мiнез-құлық қағидаларын сақтауға;

3) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде құпиялылықты сақтауға, қызметтiк және мемлекеттiк құпияны қамтамасыз етуге;

4) лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсiз болуға;

5) жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлер мен өзге де адамдардың қызметiне ықпал ету үшiн өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланбауға;

6) еңбек тәртiбiн бұлжытпай сақтауға, берiлген өкiлеттiктердi тиiмдi иеленуге; өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал, турашыл және сапалы атқаруға; жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға;

7) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек объективтi де анық мәлiметтер беруге мiндеттi.

3.3. нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу кезiнде «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» ММ мемлекеттiк қызметшiлерi:

1) салалық заңнамада Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы сыбайлас жемқорлық сипаты бар құқық нормаларын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлық тәуекелдер) жасауға ықпал ететiн жағдайлар мен себептердi анықтау мақсатында нормативтiк құқықтық актiлерге құқықтық мониторинг жүргiзуге;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде нормативтiк құқықтық және құқықтық актiлер әзiрлеуге;

3) мемлекеттiк және өзге де органдар мен ұйымдардың қолданыстағы салалық заңнаманы жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарын ескеруге;

4) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын қоғамдық кеңестердiң қарауына жолдауға;

5) халық тарапынан дәйектi сынға жол бермеу мақсатында нормативтiк құқықтық актiлердi қарау кезiнде жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз етуге;

6) мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң тұтынушысы ретiнде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға мiндеттi.

3.4. тiршiлiк әрекетi саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезiнде «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» ММ мемлекеттiк қызметшiлерi:

1) мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, меншiктi, автокөлiк құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиiмдi және тек қызметтiк мақсатта ғана пайдалануға;

2) ұжымда iскерлiк өзара қарым-қатынасты әрi сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге;

3) қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға;

4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысанда, тәртiппен және мерзiмде кiрiстер мен мүлiк туралы декларацияны табыс етуге;

5) Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық келiсiмдi нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттiк және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерiне құрметпен қарауға;

6) жасағаны үшiн заңнамада тәртiптiк, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен терiс қылықтарды жасауға жол бермеуге;

7) жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларын ұстануға, қоғамға жат мiнез-құлық, оның iшiнде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершiлiкке нұқсан келтiретiн масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге мiндеттi.

4. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар

Мемлекеттiк қызметшiлерге:

1) мемлекеттiк функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметтi жүзеге асыруға;

1.1) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкiлеттiктерiне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

1.2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетiн қызметпен айналысуға;

1.3) өкiлдi органның депутаты болуға;

1.4) өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тiкелей бақылауындағы мемлекеттiк органда үшiншi тұлғалардың iстерi бойынша өкiл болуға;

2) өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалануға;

3) ереуiлдi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;

4) өз тарапынан қоғамдағы адамгершiлiкке, тәртiпке және қауiпсiздiкке қол сұғушылыққа әкелетiн заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттердi жасауға тартуға жол бермеуге;

5) қызметтiк жағдайларын және онымен байланысты мүмкiндiктердi қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерiне, оның iшiнде өзiнiң оларға көзқарасын насихаттау үшiн пайдаланбауға;

7) заңды және жеке тұлғалар қызметкерге оның еңбек қызметiмен байланысты әрекетi үшiн сый ретiнде табыс ететiн кез келген сыйлықты, ақшалай сыйақыны, қызметтердi, қарызды, демалысқа, ойын-сауыққа жұмсалатын шығындардың, көлiк шығындарының, ұялы байланыс шығындарының ақысын және басқа да сыйақыларды алуға;

8) жақын туыстардың, ерлi-зайыптылардың және жекжаттардың бiрге қызмет (жұмыс) iстеуiне;

9) мүлiктiк және мүлiктiк емес игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтiк және өзге де ақпаратты пайдалануға тыйым салынады.

Комментарий

Имя:

Е-email:

Дата создания статьи: 27.10.2017 15:49
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.02.2018 09:41
Қаралым саны: 452

Комментарии


egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz