A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Жануарлардың құтыруы

Құтыру — адамдар мен жануарлардың көпшiлiгiне ажалды қауiптi инфекциялық ауру. Құтыру вирусы жануарлар мен адамда өзiндiк энцефалит (мидың қабынуы) тудырады. Бұл ауру адамдар мен жануарларға ортақ ең қауiптi аурулардың бiрiншi бестiгiне кiредi.

Құтыру вирусының көзi жабайы және үй жануарлары болып табылады. Жабайы жануарларға қасқырлар, түлкiлер, қорқау қасқырлар, жанаттар, сасықиiстер, жарқанаттар, кемiргiштер, ал үй жануарларына — иттер, мысықтар, жылқылар, шошқалар, iрi қара және ұсақ малдар жатады. Алайда адамға ең қауiптiлерi түлкiлер, қаңғыбас иттер мен мысықтар болып табылады. Қазiргi кезде құтыруда пайда болудың маусымдық сипаты жоғалып, ол жыл бойы тiркеледi.

Қазiргi таңда құтыру әлемнiң 113 мемлекетiнде тiркелiп, онымен жыл сайын жабайы да, үй жануарларымен де байланыста болған 50 мыңға жуық адам аурады.

Ауру сау жануарды ауру жануар тiстеген кезде зақымданған терi арқылы ағзаға енетiн вируспен қоздырылады. Вирус құтырумен ауратын жануарлардың сiлекейiнде, сондай-ақ көз жастарында және зәрлерiнде табылады.

Аурудың басында клиникалық сипаттар дара және арнайы емес болады.

Иттер мен басқа да ауруға сезiмтал жануарларда клиникалық сипаттардың бiлiнуiнiң екi түрiн бөледi: агрессиялық (құтырған) және салданған.

Құтырған түр кезiнде жануар аса агрессиялық болып, барлығына шабады. Бастың бұлшықеттерiнiң тырысуының нәтижесiнде тiстi ақситып ерiндерi әрдайым артқа тартып тұрады. Ит жолында кездескен әрбiр жануарды да, адамды да тiстейдi.

Салданған түр кезiнде бастың бұлшықеттерi салданады, ауызы ашық болады, тiлi салбырап шығып тұрады. Жұту бұлшықеттерi салданады, бұл сiлкейдiң ағуының және жөтелдiң себебi болып табылады. Қимылы байланыссызданып, жануар сүрiнiп, жаппай күйреп, тұра алмайды.

Бiр жануарда екi түрдiң сипаттарының бiлiну жағдайлары да тiркеледi.

Клиникалық сипаттардың дамуы сатысында құтыру жануардың өлуiне әкеледi. Құтыру кезiнде емдеу әзiрленбеген.

Егер Сiздiң жануарыңызды басқа белгiсiз жануар тiстесе немесе онда құтыруға тән сипаттар пайда болса, оны қандай болса да үй-жайда (немесе торда) оқшалауға және оның сiлекейiмен байланысты болдырмауға тырысыңыз.Мүмкiндiгiнше тезiрек ветеринариялық маманмен байланысыңыз.

Сонымен қатар, ит немесе мысық тiстеген жағдайда зақымданған адамға мiндеттi түрде медициналық ұйымға және құтыруға қарсы кешендi терапия өткiзу, сондай-ақ потенциалды жұқтырылған жануардың иесiн анықтау бойынша жедел шаралар қабылдау үшiн аудандық (қалалық) ветеринариялық станцияға жолығу қажет.

Құтыру айрықша қауiп төндiретiндiктен, үй жануарларының және адамдардың ауруының алдын алу мақсатында жыл сайын ветеринариялық қызметтермен тегiн негiзде құтыруға қарсы егу жүргiзiледi, ол туралы жануардың паспортында тиiстi белгi жасалады. Алайда иттер мен мысықтар иелерiнiң барлықтары емес өткiзiлетiн iс-шараның маңыздылығын түсiнедi.

«Ақмола облысының қалаларында және басқа да елдi мекендерiнде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекiту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегi № 5С-41-8 шешiмiн басшылыққа ала отырып, ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында, жануарлардың иелерiне өз жануарларын профилактикалық вакцинацияға беру қажет.

Облыстың ветеринариялық қызметi тұрақты негiзде жануарлар арасында ауруды төмендетуге және қаңғыбас және жабайы жануарлармен адамдарды тiстеу мүмкiндiктерiн шектеуге бағытталған жануарлар арасында аурудың профилактикасы және пайда болуын болдырмау бойынша iс-шаралардың кешенi жүргiзiледi.

Құтыруға қарсы вакцинацияның жыл сайынғы жоспарлы көлемдерi арттырылды, мысалы, 2015-2017 жылдар аралығында IҚМ арасында 63,5 мың бастан 70,0 мың басқа дейiн, ҰМ — 25,2 мың бастан 26,0 мың басқа дейiн, жылқылар — 21,6 мың бастан 34,0 мың басқа дейiн және т.б.

Қаңғыбас иттер және мысықтармен адамдарды тiстеу мүмкiндiгiн болдырмау мақсатында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюға арналған жергiлiктi бюджеттен бөлiнетiн қаражаттың көлемi 2015-2017 жылдар аралығында 22 млн. 500 мың теңгеден 34 млн.700 мың теңгеге дейiн арттырылды, 2018 жылға бүгiнгi таңда 31,0 млн. теңге бөлiндi, тиiсiнше ауланған және жойылған жануарлардың саны бiрнеше есе артты, осылайша 2017 жылы 13 853 бас қаңғыбас иттер және 653 мысықтар ауланды және жойылды.

Жүргiзiлген талдауға сәйкес өткiзiлетiн ветеринариялық iс-шаралар нәтижесiнiң айғағы жануарлар арасында құтыру ауруының тiркелу жағдайларының төмендеуi болып табылады. Егер 2015 жылы жануарлар арасында құтырудың 17 жағдайы тiркелген болса (11 IҚМ, 1 жылқы, 3 ит, 2 түлкi), 2016 жылы 2 жаағдай (1 ит, 1 түлкi), 2017 жылдың барлық өткен мерзiмiнде тек бiр жағдай тiркелдi.

Сонымен қатар, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша өткiзiлген iс-шаралардың нәтижесiнде жанурлармен адамдарды тiстеу жағдайлары айтарлықтай төмендедi (2015 жылы — 1 606, 2016 жылы — 2203, 2017 жылдың өткен мерзiмiнде — 1050 жағдай).

Ақмола облысының ветеринария басқармасы облыс тұрғындарын өз жануарларына аса мұқият болуды, сондай-ақ оларды асыраудың қағидаларын сақтауды сұрайды.

Ақмола облысы ветеринария
басқармасының басшысы                                                                                                 Б.Булашев

Дата создания статьи: 15.05.2018 11:10
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.05.2018 11:10
Қаралым саны: 120

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz