A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Басшының өмірбаяны

Базарбай Қабыкешұлы Бұлашев Ақмола облысы Целиноград ауданының Шнет ауылында дүниге келдi. 1983 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «Ветеринария» мамандығы бойынша аяқтады. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Бiлiм және ғылым саласындағы бақылау комитетiнiң 2012 жылғы 25 мамырдағы шешiмiмен ветеринария ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесi берiлдi.

Еңбек жолын 1977 жылы Талдысай кеңшарында шопан ретiнде бастады.

1983-1985 жж. — Қызыл Армия қатарында қызмет еттi.

1985-1996 жж. — Талдысай кеңшарының аға ветеринариялық дәрiгерi, №1 бөлiмшенiң меңгерушiсi.

1996-1999 жж. — «Барыс» ЖШС, «Майбалық» ЖШС директоры, «Аршалы» АҚ бас зоотехнигi.

2000-2007 жж. — ҚР АШМ Целиноград ААБ мемлекеттiк асыл тұқымды мал шаруашылығы инспекторының м.а., жетекшi маман — мемлекеттiк асыл тұқымды мал шаруашылығы инспекторының м.а., мемлекеттiк асыл тұқымды мал шаруашылығы инспекторы, жетекшi маман, бас ветеринариялық дәрiгер — мемлекеттiк ветеринариялық инспектор.

2007 — 2011 жж. — ҚР АШМ АӨК МИК Ақмола ОАИ бөлiм бастығы — мемлекеттiк ветеринариялық инспектор.

2012 ж. — 2015 ж. қаңтары — ҚР АШМ ВБ және ҚК Ақмола ОАИ биологиялық қауiпсiздiк бөлiмiнiң басшысы — мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор.

2015 ж. қаңтарынан 2015 ж. ақпаны — Ақмола облысы ветеринария басқармасы мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бөлiмiнiң бас маманы.

2015 жылдың ақпанынан қазiргi уақытқа дейiн — Ақмола облысы ветеринария басқармасының басшысы — облыстың бас мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгерi.

Марапаттары: III дәрежелi «Еңбек даңқы» белгiсi, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалi.

Дата создания статьи: 26.10.2017 17:42
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.10.2017 17:42
Қаралым саны: 1214

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz