A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Жануарлардың бруцеллезі

Жануарлардың бруцеллезi адамдар мен жануарлардың денсаулығына үлкен қауiп болып табылады. Жоғары патогендiгiне байланысты бруцеллез әлемде ең таралған аурулардың бiрi.

Ең алдымен адамға жұқтырудың көзi ауру жануарлармен тiкелей байланыс және сүт өнiмдерiн термиялық өңдеусiз қолдану болып табылады.

Бруцеллез кең таралған инфекция және ауыл шаруашылығының мал шаруашылығы саласында экономикалық шығындардың негiзгi себебi болып қалуда.

Бруцеллезбен үй жануарларының барлық түрлерi және жабайы жануарлардың көптеген түрлерi аурады. Оның ең көп таралуы iрi қара және ұсақ мал арасында байқалады.

Бруцеллездiң қолайлы шаруашылықтарға әкелiнуi ауру немесе ауырған жануарлар — бруцеллотасымалдағыштармен карантиндеу қағидаларын сақтамаған кезде орын алады. Бруцеллездiң пайда болуына шу, тезектi уақытында жинамау, дезинфекция тәртiбiн сақтамау себептеседi. Инфекцияның берiлуi ауру және сау жануарлардың байланысы кезiнде мүмкiн. Жұқтыру ауқаттық және байланыстық жолдармен шырышты қабық және терi арқылы өтедi.

Бруцеллалармен инфекцияланған өнiмдер, әсiресе сүт өнiмдерi, жануарлардан алынатын шикiзат, күту заттары, жем, төсеме, су, топырақ берiлу факторларына жатады.

Iрi қара мал фермаларында бруцеллез эпизоотиялық ошақ түрiнде өтедi. Бруцеллездiң пайда болуына жануарлар ағзаларының тұрақтылығын төмендететiн мал бастарын өсiру және ұстаудың қанағаттанғысыз ветеринариялық-санитариялық жағдайлары да себептеседi.

Бруцеллезге қарсы iс-шаралар ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы ветеринариялық шаралардың кешенiнен тұрады, олардың жүргiзiлуi соңғы нысан — бруцеллез инфекциясының жойылуына қол жеткiзудi қамтамасыз етедi.

Заманауи жағдайда ұйымдастырушылық-шаруашылық шаралардың маңыздысы аумақтың жалпы амандығы мен азаматтардың денсаулығын сақтауға байланысты ауыл шаруашылығы және үй жануарларын бiрдейлендiру, барлық мал бастарын есепке алу болып табылады.

Өкiнiшке орай ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық ететiн субъектiлердiң және үй иелерiнiң барлықтары емес ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудiң маңыздылығын түсiнедi. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрумен толық қамту эпизоотиялық жағдайдың жақсаруына және зерттелетiн мал бастарын жоспарлауды өзектендiруге әкеледi.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрумен толық емес қамту есепке алуда және ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды жүргiзудi жоспарлауда iркiлiстерге әкеледi, алдағы жыл сайынғы зерттелетiн мал бастарына бақылау көрсеткiштерi түрiнде республикалық ветеринариялық ведомствомен анықталатын қаржыландыруға әсерiн тигiзедi.

Бруцеллез инфекциясымен күресу тәжiрибесi аурудың кең таралуымен өңiрлерде арнайы профилактика (вакцинация) құралдарысыз қолайсыз шаруашылықтарды сауықтандыру қиын екендiгiн көрсетедi.

Келесi проблема — инфекция көзiнен сезiмтал жануарларға бруцеллез қоздырғышын беру механизiмдерi мен факторларын бұзуға бағытталған iс-шараларды iске асыру.

Бұл бағыттағы эпиоотияға қарсы iс-шаралар кейiннен мiндеттi дезинфекция сапасына бақылау өткiзумен механикаландырылған тәсiлдермен және дезинфекциялаушы препараттармен өткiзiлуi тиiс оң әрекет көрсететiн жануарлардың анқыталуының әрбiр жағдайы кезiнде механикалық тазарту және дезинфекция өткiзудi көздейдi.

Бруцеллез бойынша қолайлы шаруашылықтарда және елдi мекендерде оларға инфекция қоздырғышын әкелуден шаруашылықтарды қорғау бойынша ветеринариялық-санитариялық iс-шаралар өткiзлуi тиiс (жануарларды сатып алуға, орны ауыстырылуына және өткiзiлуiне бақылау, профилактикалық карантиндеу және басқа).

Жануарды союға тасымалдау ветеринариялық маманның бақылауымен жүзеге асырылады. Бруцеллезге оң әрекет көрсететiн малдарды сою кейiннен өндiрiстiк үй-жайды және технологиялық жабдықтарды дезинфекциялаумен ет комбинатының санитариялық қасапханасында өткiзiледi.

Сонымен қатар, «Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына сәйкес жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қойылатын және жойылатын не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қоймай залалсыздандырылатын (зарарсыздандырылатын) және қайта өңделетiн құнды жеке және заңды тұлғаларға өтеу жергiлiктi бюджет есебiнен орташа айлық нарықтық құнының 30 %-ы мөлшерiнде жүзеге асырылады, ал орташа айлық нарықтық құнының қалған бөлiгiн (70 %) жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты қайта өңдеу жөнiндегi ұйым төлейдi.

Бруцеллезбен күресу өте қиын, бiрақ мүмкiн. Эпизоотиялық рәсiмнiң заңдылықтарын сақтау және қолдану кезiнде оны бақылауға және қолда ұстауға болады.

Осыған орай, эпизоотияға қарсы iс-шаралардың маңызды бөлiгi болып жеке және заңды тұлғалармен ветеринария саласындағы мамандарға ветеринариялық iс-шараларды өткiзу бойынша өз мiндеттерiн орындау кезiнде көмек көрсету болып табылады.

Ақмола облысы ветеринария
басқармасының басшысы                                                                                                                    Б. Булашев

Дата создания статьи: 01.06.2018 14:01
Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.06.2018 14:01
Қаралым саны: 394

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz