A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Жиі қойылатын сұрақтар

1. Жануарлар мен құстарды өсiру бойынша қызметпен айналысатын өндiрiс объектiлерiне есептiк нөмiр алу үшiн қандай құжаттарды ұсыну қажет?

Жауап:

«Жануарларды өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есептiк нөмiрлер беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету үшiн келесi құжаттар қажет:

1) «Жануарларды өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есептiк нөмiрлер беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң Стандартына сәйкес бекiтiлген нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (сәйкестендiру үшiн);

3) өндiрiс объектiсi қызметiнiң түрi, өндiрiлетiн өнiмнiң көлемi мен түрi туралы еркiн нысанда жасалған ақпарат.

2. Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру қандай рәсiмдердi көздейдi?

Жауап:

Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру:

1) ауыл шаруашлығы жануарларына жеке нөмiр беруден;

2) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру бойынша дерекқорға мәлiметтердi енгiзуден;

3) ауыл шаруашылығы жануарларының иелерiне ветеринариялық паспорт беруден тұрады.

3. Қажеттi құжаттарды берген күннен жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама өткiзу бойынша қызметпен айналысу үшiн лицензияны қандай мерзiмде алуға болады?

Жауап:

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi құжат топтамасын тапсырған күннен бастап — 15 (он бес) жұмыс күнiнен кеш емес.

Дата создания статьи: 26.10.2017 11:13
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.11.2017 09:31
Қаралым саны: 599

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz