A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Мемлекеттік қызмет позитивті имиджін қалыптастыру және нығайту туралы ақпарат

Мемлекеттiк қызметтiң позитивтi имиджiн қалыптастыру және күшейту туралы ақпарат

Елiмiздiң Президентi Н.Ә.Назарбаев елдi тиiмдi басқару үшiн мемлекеттiк қызметшiнiң бiлуiне қажеттi негiзгi сапаларды атап өттi. Бұл — жоғары рухани жауапкершiлiк, кәсiптiк бiлiм, және-де оларды тәжiрибеде қолдана бiлу, адалдық, белсендi өмiр позициясы. Мемлекеттiк қызметтегi әр адам өз жұмысының барлық маңызын бiлуi тиiс, өз елiнiң патриоты болуы керек — және мемлекеттiк қызметтiң имиджiн көтеру үшiн барлық шараларды қолдануы керек.

Мемлекеттiк жүйенi дамытудағы басым бағыттардың бiрi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң позитивтi имиджiн қалыптастыру және күшейту болып келедi. 2030 жылға дейiн Қазақстанды дамыту стратегиясындағы ұзақ мерзiмдi басымдылықтың бiрi кәсiптiк мемлекеттi құру болып келедi. Мемлекеттiң алдында тұрған жоғары кәсiптiк мемлекеттiк қызмет пен басқарудың тиiмдi құрылымын құру iсiндегi мiндеттердi жүзеге асыру көбiнесе мемлекеттiк қызметшiнiң кәсiптiгiмен қамтамасыз етiледi.

Мемлекеттiк қызметшiнiң позитивтi имиджiне ұсынылатын негiзгi ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiнде көрсетiлген, «мемлекеттiк қызметтi атқару қоғам мен мемлекет атынан аса сенiм артуы деп есептеледi және мемлекеттiк қызметшiлердiң адамгершiлiгiне және рухани — этикалық бейнесiне жоғары талаптар ұсынады.

(Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп қағидалары)

Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-әдептiлiк бейнесiне жоғары талаптар қояды.

Қоғам мемлекеттiк қызметшi өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн өзi жүзеге асыратын кәсiби қызметiне жұмсайды, өзiнiң Отаны — Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрi адал қызмет етедi деп сенедi.

Мемлекеттiк органдардың басшылары, орталық атқарушы органдарда — орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды адамдар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе аталған лауазымды адамдар болмаған жағдайда — орталық атқарушы органдардың басшылары осы Кодекс талаптарының орындалуын, осы Кодекстiң мәтiнiн мемлекеттiк органдардың ғимараттарында баршаға көрiнетiндей жерде орналастыруды қамтамасыз етедi.

Мемлекеттiк қызметшiлер:

1) Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық келiсiмдi нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттiк және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерiне құрметпен қарауға;

2) адал, әдiл, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларын сақтауға, азаматтармен және әрiптестерiмен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептiлiк танытуға;

3) өздерi қабылдайтын шешiмдердiң заңдылығы мен әдiлдiгiн қамтамасыз етуге;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын шешiмдердi қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;

5) мемлекет мүддесiне нұқсан келтiретiн, мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлiгiне кедергi жасайтын немесе тиiмдiлiгiн төмендететiн iс-әрекеттерге қарсы тұруға;

6) қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;

7) өзiнiң iс-әрекетiмен және мiнез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшiн қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшiлiктердi жою мен өзiнiң қызметiн жақсарту үшiн пайдалануға;

8) жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлер мен өзге де адамдардың қызметiне ықпал ету үшiн өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланбауға;

9) шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратпауға;

10) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзiне сенiп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi, автокөлiк құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиiмдi және тек қызметтiк мақсатта ғана пайдалануға;

11) қызметтiк тәртiптi бұлжытпай сақтауға, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиiмдi пайдалануға;

12) мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң тұтынушысы ретiнде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға;

13) жасағаны үшiн заңнамада тәртiптiк, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен терiс қылықтарды жасауға жол бермеуге;

14) iскерлiк әдептi және ресми мiнез-құлық қағидаларын сақтауға тиiс.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң сырт келбетi олардың қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде мемлекеттiк аппараттың беделiн нығайтуға ықпал етуге, iскерлiкпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетiн жалпы қабылданған iскерлiк талаптарына сай болуға тиiс.

Мемлекеттiк қызметшiлер қызметтен тыс уақытта:

1) жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларын ұстануға, қоғамға жат мiнез-құлық, оның iшiнде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершiлiкке нұқсан келтiретiн масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;

2) қарапайым болуға, тиiстi көрсетiлетiн қызметтердi алу кезiнде өзiнiң лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;

3) өз тарапынан қоғамдағы адамгершiлiкке, тәртiпке және қауiпсiздiкке қол сұғушылыққа әкелетiн заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттердi жасауға тартуға жол бермеуге тиiс.

Дата создания статьи: 27.10.2017 14:54
Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.10.2017 14:54
Қаралым саны: 373

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz