A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Ақмола облысы ветеринария басқармасының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2015 жылға арналған қызметі туралы есеп

Ақмола облысы ветеринария басқармасының мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселесi жөнiндегi 2015 жылға арналған қызметi туралы есеп

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет — көрсетiлетiн қызметтi алушылардың өтiнiшi бойынша жеке тәртiппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға бағытталған жекелеген мемлекеттiк функцияларды iске асыру нысандарының бiрi.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына, «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1397 қаулысына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарына бақылау және қадағалау функциялары мен өкiлеттiктерi берiлдi.

Ветеринария саласында ҚР заңнамасы талаптарын сақтау затына мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды өз құзыретiнiң шегiнде жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдарға берiлген функцияларға байланысты, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттiк қызметтердi көрсету үшiн Ақмола облысының ветеринария басқармасымен келесi жұмыс атқарылды:

Мемлекеттiк мекемеде мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiнде қол жетiмдiлiк және халықты ақпараттандыру мақсатында көрнекiлi ақпаратпен стендтер орналастырылды. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн мемлекеттiк органның ресми интернет-ресурсында vet.akmol.kz мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi, стандарттары және регламенттерi орналастырылған «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» тарауы жұмыс iстейдi.

Мемлекеттiк қызметтердi үздiксiз ұсыну үшiн аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметтердi көрсету бойынша жауапты тұлғаларға «Басқарудың автоматтандырылған бiрiккен жүйесi» (БАБЖ) ақпараттық жүйесiне кiру үшiн логин және пароль берiлдi.

«Электронды үкiмет», «Е-лицензиялау» порталында электронды мемлекеттiк қызмет алуды түсiндiру бойынша iс-шараларды ұйымдастыру мақсатында аудандардың, жұмыста Көкшетау және Степногорск қалаларының ветеринария бөлiмдерiне жiберiлген полиграфиялық материалдар (бүктемелер) қолданылды.

2015 жылдың 30 қазанында Ақмола облысының ветеринария басқармасымен құқық қорғау органдарының, жергiлiктi атқарушы органдарының басшылары және жауапты мамандарының қатысуымен мемлекеттiк қызметтердi көрсету және көрсетiлген қызметтердiң сапасын арттыру мәселелрi талқыланған «Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражiгiн ажыратуға байланысты жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне бақылау және қадағалауды жүзеге асыру тәртiбi» тақырыбына дөңгелек үстел өткiзiлдi.

02.11.2015 жылы Ақмола облысы әкiмдiгiнiң А-11/501 қаулысымен ветеринария саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенттерi бекiтiлдi, олар Басқарма сайтында орналастырылды және жергiлiктi атқарушы органдарғыа орындалу үшiн жiберiлдi.

Бұдан әрi, 2015 жылы жануарларды өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi өндiрiс объектiлерiне 30 есептiк нөмiр берiлдi.

Ақмола облысы ветеринария басқармасының барлық мемлекеттiк қызметтерi уақытында көрсетiлдi, өндiрiс объектiлерiне есептiк нөмiрлер 1-2 жұмыс күнi iшiнде (регламентке сәйкес 3 жұмыс күнi) берiлдi, яғни мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмдерi қысқартылды.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру және оларды уақытында көрсету мәселелрi тұрақты бақылауда, мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбiн бұзуды болдырмау бойынша шаралар қолданылуда. Әрi қарай тиiмдiлiк мақсатында бұл мәселе бойынша есептi мемлекеттiк органдардың жұмысы жағдайына тоқсан сайын сараптама, оқыту семинарлары, дәрiстер, тәжiрбиелiк және әдiстемелiк көмек көрсету мақсатында аудын әкiмдiктерiне бару жалғастырылады.

Дата создания статьи: 03.11.2017 17:58
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.11.2017 17:58
Қаралым саны: 686

Комментарии


egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz