A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Ақмола облысы ветеринария басқармасының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2016 жылға арналған қызметі туралы есеп

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет — көрсетiлетiн қызметтi алушылардың өтiнiшi бойынша жеке тәртiппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға бағытталған жекелеген мемлекеттiк функцияларды iске асыру нысандарының бiрi.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына, «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1397 қаулысына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарына тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнде жергiлiктi маңызы бар мақсаттарды шешудi қамтамасыз ететiн реттеу, iске асыру және бақылау-қадағалау функциялары берiлдi.

Ветеринария саласында ҚР заңнамасы талаптарын сақтау затына мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды өз құзыретiнiң шегiнде жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдарға берiлген функцияларға байланысты, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттiк қызметтердi көрсету үшiн Ақмола облысының ветеринария басқармасымен келесi жұмыс атқарылды:

Мемлекеттiк мекемеде мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiнде қол жетiмдiлiк және халықты ақпараттандыру мақсатында көрнекiлi ақпаратпен стендтер орналастырылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлеткеттiк қызметтердi көрсету тәртiбi туралы 3 мақала орналастырылды. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн мемлекеттiк органның ресми интернет-ресурсында vet.akmol.kz мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi, стандарттары және регламенттерi, паспорттары, және қызметтi берушiнiң лауазымды адамдарының iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпарат орналастырылған «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» тарауы жұмыс iстейдi.

2016 жылдың 29 қаңтарында Ветеринария басқармасымен «ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» ММ-мен бiрiгiп «ҚР АШМ Басқарудың бiрiңғай автоматтандырылған жүйесiнде (ББАЖ) «Ветеринариялық қауiпсiздiк» кiшi жүйесiнде ветеринариялық анықтама беру» тақырыбына семинар-кеңес өкiзiлдi. Сонымен қатар пайдаланушыларды жүйемен жұмыс iстеуге үйрету өткiзiлдi және жүйенiң жұмысында кемшiлiктер айқындалып, оларды шешу жолдары анықталды.

Мемлекеттiк қызметтердi үздiксiз ұсыну үшiн аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметтердi көрсету бойынша жауапты тұлғаларға «Басқарудың бiрыңғай автоматтандырылған жүйесi» (ББАЖ) ақпараттық жүйесiне кiру үшiн логин және пароль берiлдi.

«Электронды үкiмет», «Е-лицензиялау» порталында электронды мемлекеттiк қызмет алуды түсiндiру бойынша iс-шараларды ұйымдастыру мақсатында жұмыста аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының ветеринария бөлiмдерiне жiберiлген полиграфиялық материалдар (бүктемелер) қолданылды.

2015 жылдың 2 қарашасында Ақмола облысы әкiмдiгiнiң № А-11/501 қаулысымен ветеринария саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң регламенттерi бекiтiлдi, олар Басқарманың сайтында орналастырылып, жергiлiктi атқарушы органдарға орындау үшiн жiберiлдi.

Ветеринария саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандартына сәйкес Басқармамен 3 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi:

- жануарларды өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есептiк нөмiрлер беру;

- ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру;

- ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау.

2016 жылы жануарларды өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есептiк нөмiрлер беру бойынша 149 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, олардан:

- өндiрiс объектiлерiне есептiк нөмiрлердi беру бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсетiлдi — 77;

- сою алаңдарының есептiк нөмiрiн растау (ұзарту) бойынша 64 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет;

- қызмет саласының өзгеруiне әкелмеген объектiнiң атауын өзгерту бойынша 8 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.

Сонымен қатар, ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру бойынша 5 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.

Ақмола облысы ветеринария басқармасының барлық мемлекеттiк қызметтерi уақытында көрсетiлдi, өндiрiс объектiлерiне есептiк нөмiрлер 1-2 жұмыс күнi iшiнде (регламентке сәйкес 7 жұмыс күнi) берiлдi, яғни мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмдерi қысқартылды.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру және оларды уақытында көрсету мәселелрi тұрақты бақылауда, мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбiн бұзуды болдырмау бойынша шаралар қолданылуда. Әрi қарай тиiмдiлiк мақсатында бұл мәселе бойынша есептi мемлекеттiк органдардың жұмысы жағдайына тоқсан сайын сараптама, оқыту семинарлары, дәрiстер, тәжiрбиелiк және әдiстемелiк көмек көрсету мақсатында аудын әкiмдiктерiне бару жалғастырылады.

Дата создания статьи: 06.11.2017 17:35
Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.11.2017 17:35
Қаралым саны: 875

Комментарии


egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz