A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
2016 жылға арналған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының профилактикасы жөніндегі өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы есеп

«Ақмола облысының ветеринария басқармасы» ММ-мен (бұдан әрi — Басқарма) Ақмола облысы ветеринария басқармасының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөнiндегi 2016 жылға арналған iс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыс жалғастырылуда.

Басқармада мемлекеттiк қызметшiлердiң ауысуы 1 бiрлiктi құрады (зейнет жасына толуға байланысты жұмыстан босату) — әкiмшiлiк және құқықтық жұмыс бөлiмiнiң басшысы.

3 бос орынға (бухгалтерлiк есеп және мемлекеттiк сатып алу бөлiмiнiң бас маманы, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бөлiмiнiң бас маманы және әкiмшiлiк және құқықтық жұмыс бөлiмiнiң басшысы) орналасуға 5 конкурс (4 — төменгi лауазымға орналасуға жалпы конкурс және 1 — мемлекеттiк органның мемлекеттiк қызметшiлерi арасында iшкi конкурс) жарияланды, 2 конкурс үмiткерлердiң болмауы себебiнен өткiзiлген жоқ.

Конкурстық рәсiмдердiң нәтижиесi бойынша бухгалтерлiк есеп және мемлекеттiк сатып алу бөлiмiнiң бас маманы лауазымына — С.Ж. Балтабаева, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бөлiмiнiң бас маманы — О.К. Лукпанов және жоғары тұрған әкiмшiлiк және құқықтық жұмыс бөлiмiнiң басшысы лауазымына — Д.С. Жамантаев тағайындалды. Барлық өткiзiлген конкурстарға байқаушылар мен сарапшылар қатысты. Әр үмiткермен әңгiмелесу барысы жазудың техникалық құралдарының көмегiмен жазылды, ол персоналды басқару қызметiнде сақталады.

Мемлекеттiк қызметшiлермен тағылымдамадан өтудiң бекiтiлген кестесiне сәйкес жылдың басынан Басқарманың 2 қызметшiсi жолданды: Ж. Сайдалин — «ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» ММ; А.К. Сеитов — «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ.

Сонымен қатар, 2016 жылдың бiрiншi жартыжылдығында «Көкшетау қаласының ветеринария бөлiмi» ММ-нiң маманы К.С. Шонашева Ветеринария басқармасында тағылымдамадан өттi.

Арнайы тексеруден өткеннен кейiн, мемлекеттiк қызметке бiрiншi рет қабылданған мемлекеттiк қызметшi С.Ж. Балтабаеваға атқаратын қызметiне сәйкес келуiне тексеру мақсатында 3 айға сынақ мерзiмi белгiлендi. Сонымен қатар, оған тәлiмгер бухгалтерлiк есеп және мемлекеттiк сатып алу бөлiмiнiң бас маманы — Г.М. Серкина бекiтiлдi.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлаудың бекiтiлген жоспарына сәйкес 2016 жылы 4 мемлекеттiк қызметшi жататын. Олардың iшiнен бiлiктiлiгiн арттыру курстарынан И.К. Балтабай және А.К. Сеитов, мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау курстарынан — С.Ж. Балтабаева және Д.С. Жамантаев өттi.

Ветеринария саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандартына сәйкес Басқармамен 3 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi:

- жануарларды өсiрудi, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және сатуды жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндiру, сақтау және сату бойынша өндiрiс объектiлерiне есептiк нөмiрлер беру;

- ветеринария саласында қызметпен айналысуға лицензия беру;

- ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау.

Жылдың басынан Басқармамен жануарларды өсiрудi, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және сатуды жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндiру, сақтау және сату бойынша өндiрiс объектiлерiне есептiк нөмiрлер беру бойынша 144 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.

Сонымен қатар, ветеринария саласында қызметпен айналысуға лицензия беру бойынша 5 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.

Басқармамен тұрақты негiзде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер бойынша iшкi бақылау өткiзiледi: көрсетiлген қызметтердiң мерзiмдерiне бақылау; мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң Стандартымен бекiтiлмеген артық құжаттарды сұратуға бақылау.

Iшкi тексерiстiң нәтижиесi бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсетуден бас тарту, соның iшiнде негiзсiз, анықталған жоқ, барлық мемлекеттiк қызметтер бекiтiлген мерзiмде және автоматтандырылған жүйелер арқылы көрсетiлдi.

Ағымдағы жылы Басқармамен жеке және заңды тұлғалардан 30 өтiнiш қабылданды және қарастырылды. Барлық өтiнiштерге «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 10-бабына сiлтеме жасай отырып, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып мемлекеттiк тiлде негiзделген және дәлелдi жауаптар берiлдi.

Басқармамен тұрақты негiзде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi заңнаманың негiзгi ережелерiн түсiндiру өткiзiледi:

- нормативтiк құқықтық актiлерге мониторинг, Қазақстан Республикасының Заңнамасына қайшы келетiн нормативтiк құқықтық актiлер анықталған жоқ;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабына сәйкес қызметкерлермен жыл сайын уақытылы кiрiстер және мүлiк туралы декларация тапсыру қамтамасыз етiледi;

Ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар және « Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдептiлiк нормаларын және мiнез-құлық қағидаларын одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығын түсiндiру бойынша жалппы құқықтық оқу өткiзiлдi.

Басқарманың веб-сайтында өткiзiлетiн iс-шаралар туралы ақпарат үнемi орналастырылады.

Басқармада көпшiлiкке қолжетiмдi жерде «сенiм телефоны», жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтiнiштерiне арналған жәшiк орнатылды, сонымен қатар, бұйрықпен жауапты тұлға бекiтiлдi.

Дата создания статьи: 27.10.2017 15:30
Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.10.2017 15:30
Қаралым саны: 319

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz