A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Жадынама
«Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметін алу тәртібі туралы жадынама
1 Көрсетілетін қызметті беруші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесi, интернет-ресурстың мекенжайы) «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру»мемлекеттiк көрсетілетін қызметі жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама өткізу бойынша лицензия беру бөлігінде «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі.Жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге, 18.30-ға дейін.Интернет-ресурстың мекенжайы: vet.akmo.gov.kz
2 Өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беретін ұйымдар туралы ақпарат Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:1) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың (Көкшетау, Степногорск) жергілікті атқарушы органдары;2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы.
3 «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері туралы ақпарат Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті алушыда ЭЦҚ бар болуы жағдайында мемлекеттік қызметті электрондық форматта алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті алушымен «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ құрылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу.
4 Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру»мемлекеттiк көрсетілетін қызметі - ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшесіне құжаттар топтамасын тапсыруды есепке алумен 7 жұмыс күні
5  

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:көрсетілетін қызметті берушіге:тіркеу нөмірін беру үшін:1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;2) жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);3) өндіріс объектісі қызметінің түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған ақпарат.Есептік нөмірді қайта ресімдеу кезінде, есептік нөмірдің атауын және (немесе) ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын өзгерту кезінде, сою алаңына тіркеу нөмірін растау кезінде:1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;2) жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);порталға:тіркеу нөмірін беру үшін:1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;2) өндіріс объектісі қызметінің түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған ақпараттың электрондық көшірмесі.Есептік нөмірді қайта ресімдеу кезінде, есептік нөмірдің атауын және (немесе) ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын өзгерту кезінде, сою алаңына тіркеу нөмірін растау кезінде:мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, ветеринария-санитариялық қорытынды туралы, бұрын берілген есептік нөмір туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
6 Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөптер мен жемшөптік қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірдің берілгені туралы растама (бұдан әрі - растама) беру немесе берілген есептік нөмірді қайта ресімдеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
7 Қосымша ақпарат (мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша Бірыңғай байланыс орталығының нөмірі, басқа да анықтама қызметі телефондарының нөмірі) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызмет көрсетушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары мемлекеттік органның интернет-ресурсында: vet.akmo.gov.kz орналастырылған. Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөнінде келесі телефондар бойынша хабарласа алады: 8(7162) 72-29-12, 72-29-08.
Дата создания статьи: 30.10.2017 12:55
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.09.2018 11:23
Қаралым саны: 784

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz