A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Жадынама

Көшiру  (DOCX 20 Kb)

«Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметін алу тәртібі туралы жадынама
1 Көрсетілетін қызметті беруші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесi, интернет-ресурстың мекенжайы) «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі аудандардың, Көкшетау, Степногорск қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдармен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетіледі.Жұмыс кестесі - дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге, 18.30-ға дейін;демалыс және мереке күндері - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 85-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші белгілеген жұмыс уақыты кестесіне сай.Интернет-ресурстың мекенжайы: vetakmo.gov.kz
2 Өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беретін ұйымдар туралы ақпарат Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
3 «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері туралы ақпарат Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
4 Мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі құжаттар топтамасын мемлекеттік қызметті берушіге тапсыру күнінің ішінде
5 Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);бес келіден жоғары балықтарды және басқа су жануарларын (тірі, жаңа, салқындатылған, мұздатылған балықтар, сондай-ақ гаммарус, артемия салина (цисталар) шаяндар) тасымалдау кезінде балық аулау орны туралы анықтама қажет.Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден және үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерден) әкелінген ветеринариялық (ветеринарниялық-санитариялық) бақылау және қадағалау объектілерін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдау кезінде - ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектісі әкелінген ветеринариялық құжаттың көшірмесі.Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, ауыл шаруашылығы жануарының ветеринариялық паспорты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні, уақыты, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
6 Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - ветеринариялық анықтама, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
7 Қосымша ақпарат (мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша Бірыңғай байланыс орталығының нөмірі, басқа да анықтама қызметі телефондарының нөмірі) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызмет көрсетушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары мемлекеттік органның vetakmo.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде орналастырылған.Мемлекеттік қызмет көрсету туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефоны бойынша алуға болады 1414, 8-800-080-7777 (қоңырау шалу тегін).

 

 

Дата создания статьи: 03.11.2017 15:15
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.11.2017 15:15
Қаралым саны: 466

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz