A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Жадынама
«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметін алу тәртібі туралы жадынама
1 Көрсетілетін қызметті беруші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесi, интернет-ресурстың мекенжайы) «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі аудандардың және Көкшетау, Степногорск қалаларының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдерімен бекітілген тізімнің негізінде мемлекеттік ветеринариялық дәрігермен көрсетіледі.Жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге, 18.30-ға дейін.Интернет-ресурстың мекенжайы: vet.akmo.gov.kz
2 Өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беретін ұйымдар туралы ақпарат Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
3 «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері туралы ақпарат Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті алушыда ЭЦҚ бар болуы жағдайында мемлекеттік қызметті электрондық форматта алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті алушымен «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ құрылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу.
4 Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі Құжаттар топтамасын мемлекеттік қызметті берушіге тапсыру күнінен - 5 (бес) жұмыс күні.
5 Мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:көрсетілетін қызметті берушіге:1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);3) жалға алу шартының құқығында үй-жайлардың тиісті бар екенін растайтын құқық белгілейтін құжат көшірмесі;4) ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісінің құнын төлегенін растайтың құжат;порталға:1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес, тұтынушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;2) жалға алу шартының құқығында үй-жайлардың тиісті бар екенін растайтын құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі;3) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді туралы мемлекеттік тіркеу, меншік құқығында тиісті үй-жайлардың бар болуы туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

6 Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды;анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар бере отырып, объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды.осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағымен көзделген негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
7 Қосымша ақпарат (мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша Бірыңғай байланыс орталығының нөмірі, басқа да анықтама қызметі телефондарының нөмірі) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызмет көрсетушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары мемлекеттік органның vet.akmo.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде орналастырылған.Мемлекеттік қызмет көрсету туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефоны бойынша алуға болады 1414, 8-800-080-7777 (қоңырау шалу тегін).
Дата создания статьи: 03.11.2017 11:55
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.09.2018 11:25
Қаралым саны: 841

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz