A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Жадынама

Көшiру  (DOCX 21 Kb)

«Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызметін алу тәртібі туралы жадынама
1 Көрсетілетін қызметті беруші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесi, интернет-ресурстың мекенжайы) «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі облыстың (Ақмола облысының ветеринария басқармасы), аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жергілікті атқарушы органының бөлімшелерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетіледі.Жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге, 18.30-ға дейін.Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.Интернет-ресурстың мекенжайы: vetakmo.gov.kz
2 Өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беретін ұйымдар туралы ақпарат Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
3 «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері туралы ақпарат Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.Мемлекеттік қызметті алушымен «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ құрылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу.
4 Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі құжаттар топтамасын мемлекеттік қызметті берушіге тапсыру күнінен - 15 (он бес) жұмыс күні.
5 Мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:көрсетілетін қызметті берушіге:1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);3) соңғы үш жылда біліктілігін арттыру курсынан өткендігі туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);3) ғылыми дәрежесі, атағы бары туралы дипломның (бар болса) көшірмесі;порталға:көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;соңғы үш жылда біліктілігін арттыру курсынан өткендігі туралы сертификаттың электорндық көшірмесі (бар болса);ғылыми дәрежесі, атағы бары туралы дипломның (бар болса) электрондық көшірмесі.Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
6 Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - мынадай шешімдердің бірі көрсетілген аттестаттау парағы:1) аттестатталды;2) қайта аттестаттауға жатады;3) аттестатталған жоқ.
7 Қосымша ақпарат (мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша Бірыңғай байланыс орталығының нөмірі, басқа да анықтама қызметі телефондарының нөмірі) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызмет көрсетушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары мемлекеттік органның интернет-ресурсында: vetakmo.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөнінде келесі телефондар бойнша хабарласа алады: 8(7162) 72-29-13, 72-29-21. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414.

 

 

Дата создания статьи: 30.10.2017 18:18
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.10.2017 18:18
Қаралым саны: 398

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz