A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты

Жүктеу (DOCX 22 Kb)

«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты

1 Көрсетілетін қызметті ұсынатын мемлекеттік орган Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар
2 Көрсетілетін қызметті пайдаланушылар Жеке және заңды тұлғалар
3 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны Электронды (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде
4 Көрсетілетін қызметті ұсыну орны Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар
5 Көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ) тіркеуді өткізеді және құжаттарды жауапты орындаушыға жібереді - 30 минут; 2) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, мынадай тәсілдердің бірімен (сырғалау, таңба басу, чиптау) жануарға жеке нөмір береді, жануардың жеке нөмерін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің дерекқорына енгізеді, облыстың жергілікті атқарушы органымен бекітілген ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрсетілген мерзімге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ресімдейді; ветеринариялық паспорттан үзінді беру – 30 минут; сырғалар жоғалған, бүлінген кезде қайталама мемлекеттік көрсетілетін қызмет, жануарға жаңа бірдейлендіру нөмірін берумен сырғаның телнұсқасын алу – 2 жұмыс күні; ветеринариялық паспортты оның жоғалған, тозығы жеткенде қайта беру - 2 жұмыс күні; 3) кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін журналда тіркейді және береді – 30 минут.
6 Қажетті құжаттардың тізімі Қызметті көрсетушіге жүгінген кезде қажеттіқұжаттардыңтізбесі:1) ауыл шаруашылығы жануарларын бастапқы бірдейлендіру үшін ветеринариялық паспорт беру:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжатдың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын (сәйкестендіру үшін);
чиптер үшін ақы төленгенін (чиптен кезінде) растайтын кұжат;
2) сырға (сырғалар) жоғалған немесе бүлінген кезде телнұсқасын алу үшін ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру өткізу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжаттың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын (сәйкестендіру үшін);
3) жоғалған немесе ескірген кезде ветеринариялық паспорттың телнұсқасын алу үшін:ветеринариялық паспорттың екінші нұсқасын алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (ветеринариялық паспорттың жоғалғанын, бүлінгенін растайтын құжаттардың қосымшасымен қоса) өтініш;
жеке басын куәландыратын құжатың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын (сәйкестендіру үшін);
4) ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін өтініш;
жеке басын куәландыратын құжаттың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын (сәйкестендіру үшін);
порталға ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін:көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін электронды құжат нысанындағы өтініш;
7 Көрсетілетін қызметтің құны және оны төлеу тәртібі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақысыз көрсетіледі.«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес чиптердің құнын қайтару ақылы негізде жүзеге асырылады.
8 Көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары айқындаған өткізу мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылады; Ветеринариялық паспорттан үзінді-көшерме беру – 30 (отыз) минут; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут; 4) сырға (сырғалар) жоғалған, бүлінген кезде (жеке нөмірін айқындау мүмкін емес) қайталама мемлекеттік көрсетілетін қызмет жануарларға жаңа жеке нөмір бере отырып, көрсетілетін қызметті берушіге сырғалар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Ірі жануардың сырғаларының біреуі жоғалған немесе бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушіге аспалы сырға телнұсқасы келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

9 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесі Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру тәсілдерінің бірімен жануарларға ветеринариялық паспорт бере отырып жеке нөмір беру, телнұсқа беру, ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме беру.
10 Нормативтік құқықтықактілер «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығы
Дата создания статьи: 03.11.2017 14:53
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.09.2018 17:10
Қаралым саны: 878

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz