A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты

Көшiру  (DOCX 20 Kb)

«Жануарларды өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есептiк нөмiрлер беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет

Көрсетілетін қызметті ұсынатын мемлекеттік орган «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі
2 Көрсетілетін қызметті пайдаланушылар Жеке және заңды тұлғалар
3 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны Электронды (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде
4 Көрсетілетін қызметті ұсыну орны Аудандар мен Көкшетау және Степногорск қалаларының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдері
5 Көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі 1) ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ) тіркеуді өткізеді және құжаттарды басшыға бұрыштама қоюға жібереді - 30 минут;2) ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны айқындайды - 30 минут;3) ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Өтініш берушімен толық емес құжаттарды ұсыну фактісі айқындалған, немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттарды анықтау жағдайында өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты әзірлейді - 1 жұмыс күні;4) ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің жауапты орындаушысы құжаттардың сәйкес болуы жағдайында Ақмола облысының ветеринария басқармасына (бұдан әрі - Басқарма) тіркеу нөмірін беруге сұрату жібереді - 1 жұмыс күні;5) Басқарма сұрату түскен сәттен бастап тіркеу нөмірін беру туралы шешім шығарады:өндіріс объектісіне тіркеу нөмірін береді;өндіріс объектісіне тіркеу нөмірін беру туралы растауды ресімдейді және оны ұсыну үшін жергілікті атқарушы органның бөлімшесіне жібереді - 3 жұмыс күні;6) ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің басшысы «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) өндіріс объектісіне тіркеу нөмірін беру туралы растауға немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелдә жауапқа қол қояды. Өтініш қағаз тасығышта берілген жағдайда, бланкте басып шығарылады, қолы қойылады және мөрмен куәландырылады - 1 жұмыс күні;7) ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін тіркейді және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді - 30 минут;жүзеге асыратын қызмет түрінің өзгеруіне әкеліп соқтырмайтын өндіріс объектісі атауы және (немесе) ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда есептік нөмірді қайта ресімдейді және растама береді - 5 жұмыс күні;қызметінің түрі өзгерген жағдайда өндіріс объектісі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартымен белгіленген мерзімде есептік нөмір берудің қайталама рәсімінен өтеді - 7 күн;сою алаңдары есептік нөмірді растау үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартымен белгіленген мерзімде есептік нөмірді қайта рәсімдеу рәсімінен өтеді - 7 күн.
6 Қажетті құжаттардың тізімі Есептік нөмір алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген қажетті құжаттар тізбесі:
есептік нөмір беру үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) өндіріс объектісі қызметінің түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған ақпарат.
Есептік нөмірді қайта ресімдеу кезінде, есептік нөмірдің атауын және (немесе) ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын өзгерту кезінде, сою алаңына есептік нөмірді растау кезінде:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
порталға:
есептік нөмір беру үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) өндіріс объектісі қызметінің түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған ақпараттың электрондық көшірмесі.
Есептік нөмірді қайта ресімдеу кезінде, есептік нөмірдің атауын және (немесе) ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын өзгерту кезінде, сою алаңына есептік нөмірді растау кезінде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
7 Көрсетілетін қызметтің құны және оны төлеу тәртібі тегін
8 Көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап:
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшесіне - 7 (жеті) күн;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшесіне - 5 (бес) жұмыс күні;
өндіріс объектісі жүзеге асыратын қызмет түрін өзгертуге әкеп соқтырмай, атауы және/немесе ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда және - 5 (бес) жұмыс күні;
жүзеге асыратын қызмет түрі өзгерген жағдайда, өндіріс объектісі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мерзімдерде есептік нөмірді беру рәсімдерінен қайта өтеді;
сою алаңдары қолда бар есептік нөмірін растау үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мерзімдерде есептік нөмірді қайта ресімдеу рәсімінен өтеді.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.
9 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесі Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөптер мен жемшөптік қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірдің берілгені туралы растама (бұдан әрі - растама) беру немесе берілген есептік нөмірді қайта ресімдеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
10 Нормативтік құқықтық актілер «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығы
Дата создания статьи: 30.10.2017 11:49
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.10.2017 11:49
Қаралым саны: 359

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz