A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты

Көшiру (DOCX 20 Kb)

«Ветеринариялық анықтамалар беру»мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiнiң паспорты

1 Көрсетілетін қызметті ұсынатын мемлекеттік орган Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар
2 Көрсетілетін қызметті пайдаланушылар Жеке және заңды тұлғалар
3 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны Электронды (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде
4 Көрсетілетін қызметті ұсыну орны Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар
5 Көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі 1) кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, жауапты орындаушыға жолдайды - 30 минут;
2) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды тексереді ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда бар жануар туралы мәліметтердің немесе олардан үзінді-көшірмелердің, ветеринариялық паспорттың негізінде жануарды, одан алынған өнім мен шикізатты ветеринариялық байқап қараудан өткізеді, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген сәттегі тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал ескеріледі. Ветеринариялық анықтаманы немесе қолмен және мөрмен куәландырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды - 5 сағат;
3) кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді - 30 минут.
6 Қажетті құжаттардың тізімі Ветеринариялық анықтама алу үшін қызметті көрсетушіге жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);бес келіден жоғары балықтарды және басқа су жануарларын (тірі, жаңа, салқындатылған, мұздатылған балықтар, сондай-ақ гаммарус, артемия салина (цисталар) шаяндар) тасымалдау кезінде балық аулау орны туралы анықтама қажет.Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден және үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерден) әкелінген ветеринариялық (ветеринарниялық-санитариялық) бақылау және қадағалау объектілерін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдау кезінде - ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектісі әкелінген ветеринариялық құжаттың көшірмесі.
7 Көрсетілетін қызметтің құны және оны төлеу тәртібі ақысыз
8 Көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған қүннен бастап жүгінген күн ішінде;2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.
9 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесі Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - ветеринариялық анықтама, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
10 Нормативтік құқықтық актілер «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығы
Дата создания статьи: 06.11.2017 15:07
Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.11.2017 15:07
Қаралым саны: 784

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz