A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты

Көшiру  (DOCX 23 Kb)

«Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет паспорты

1 Көрсетілетін қызметті ұсынатын мемлекеттік орган Ақмола облысының ветеринария басқармасы, аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдері
2 Көрсетілетін қызметті пайдаланушылар Жеке және заңды тұлғалар
3 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны Электронды (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде
4 Көрсетілетін қызметті ұсыну орны Ақмола облысының ветеринария басқармасы, аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдері
5 Көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ) тіркеуді өткізеді және құжаттарды басшыға бұрыштама қоюға жібереді - 30 минут;2) басшы келіп түскен құжаттармен танысады, жауапты орындаушыны айқындайды - 30 минут;3) жауапты орындаушы келесі іс-шараларды әзірлеу рәсімін өткізеді - 5 күнтізбелік күн:аттестаттау өткізу үшін қажетті құжаттарды дайындайды;аттестаттау өткізу кестесін әзірлейді;аттестаттауға жататын тұлғалардың тізімін айқындайды;ұйымдастырушылық түсіндіру жұмысын өткізеді;тестілеу сұрақтарын әзірлейді;аттестаттауға жататын тұлғалардың құжаттарын қабылдайды және талдайды.Өтініш берушімен толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну фактісі айқындалған жағдайда көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауапты әзірлейді.4) басшы аттестаттау кестесін бекітеді, аттестаттау комиссиясының құрамын айқындайды, аттестаттау мерзімдерін және комиссияның жұмыс кестесін белгілейді - 3 күнтізбелік күн;5) аттестаттау комиссиясы құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігіне қарайды, тестілеуді және әңгімелесуді өткізеді - 1 күнтізбелік күн. Әңгімелесудің нәтижесі бойынша комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:аттестатталды;қайта аттестаттауға жатады;аттестатталған жоқ.Немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекітілген «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11959 болып тіркелген) 9-1-тармағымен көзделген негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.Комиссиямен қабылданған шешім аттестаттау парағына енгізіледі.6) кеңсе қызметкері аттестаттау парағын журналда тіркейді, «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қояды. Көрсетілетін қызметті алушы қағаз тасығышта өтініш білдірген жағдайда, аттестаттау парағы электрондық нысанда рәсімделіп, басып шығарылады, комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысымен қол қойылады және аттестаттау аяқталғаннан кейін беріледі - 30 минут.
6 Қажетті құжаттардың тізімі 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);3) соңғы үш жылда біліктілігін арттыру курсынан өткендігі туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);4) ғылыми дәрежесі, атағы бары туралы дипломның (бар болса) көшірмесі;порталға:көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;соңғы үш жылда біліктілігін арттыру курсынан өткендігі туралы сертификаттың электорндық көшірмесі (бар болса);ғылыми дәрежесі, атағы бары туралы дипломның (бар болса) электрондық көшірмесі.
7 Көрсетілетін қызметтің құны және оны төлеу тәртібі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақысыз көрсетіледі.
8 Көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі 1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін - аттестаттау кестесі не сәйкес жүзеге асырылады.
2) құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.
9 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесі Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - мынадай шешімдердің бірі көрсетілген аттестаттау парағы:1) аттестатталды;2) қайта аттестаттауға жатады;3) аттестатталған жоқ.Немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекітілген «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11959 болып тіркелген) 9-1-тармағымен көзделген негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
10 Нормативтік құқықтық актілер «Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 7-1/221 бұйрығы
Дата создания статьи: 30.10.2017 16:59
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.10.2017 16:59
Қаралым саны: 806

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz