A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты

Көшiру  (DOCX 21 Kb)

«Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiнiң паспорты

Көрсетілетін қызметті ұсынатын мемлекеттік орган Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдері
2 Көрсетілетін қызметті пайдаланушылар Жеке және заңды тұлғалар
3 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны Электронды (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде
4 Көрсетілетін қызметті ұсыну орны 1) Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдері2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы
5 Көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ) тіркеуді өткізеді және құжаттарды басшыға бұрыштама қоюға жібереді - 30 минут;2) басшы құжаттармен танысады, жауапты орындаушыны айқындайды - 30 минут;3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Өтініш берушімен толық емес құжаттарды ұсыну фактісі айқындалған, немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттарды анықтау жағдайында өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты әзірлейді- 1 жұмыс күні;4) құжаттардың сәйкес болуы жағдайында жауапты орындаушы 2 жұмыс күні мерзімде:объектіні тексеруге дейін бару арқылы бақылау және қадағалауды өткізу туралы құқықтық статистика және арнайы есеп органдарына хабарлайды;объектіге тексеру жүргізеді;объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді;объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерге, талаптарға сәйкестігін тексереді;мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, мемлекеттік ветеринариялық дәрігердің қарауына шешім қабылдау үшін енгізеді;5) мемлекеттік ветеринариялық дәрігер тізім бойынша:қолмен және мөрмен куәландырылған мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау объектісінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкестігі;«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы қолмен және мөрмен куәландырылған, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныспен мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау объектісінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру туралы шешім қабылдайды. Қағаз тасығышта өтініш білдірген жағдайда, ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкте басып шығарылады, оған қол қойылады және мөрмен куәландырылады - 3 сағат;6) кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін журналда тіркейді және оны береді - 30 минут.
6 Қажетті құжаттардың тізімі Ветеринариялық-санитариялық қорытынды алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) жалға алу шартының құқығында үй-жайлардың тиісті бар екенін растайтын құқық белгілейтін құжат көшірмесі;
4) ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісінің құнын төлегенін растайтың құжат;
порталға:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес, тұтынушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жалға алу шартының құқығында үй-жайлардың тиісті бар екенін растайтын құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі;
3) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
7 Көрсетілетін қызметтің құны және оны төлеу тәртібі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі (ветеринариялық-санитариялық бланкісі үшін)
8 Көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - 5 (бес) жұмыс күні;2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.
9 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесі Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды;
анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар бере отырып, объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды.Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағымен көзделген негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
10 Нормативтік құқықтық актілер «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығы
Дата создания статьи: 03.11.2017 10:35
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.02.2018 11:26
Қаралым саны: 528

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz