A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Басқарма туралы ереже

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң

2016 жылғы 13 маусымдағы

№ А-7/272 қаулысымен

бекiтiлдi

«Ақмола облысының ветеринария басқармасы»

мемлекеттiк мекемесi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесi Ақмола облысы аумағында ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы көрсетiлген мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары бар.

4. «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 89.

9. Мемлекеттiк органның толық атауы: «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы Ереже «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттемелерi

13. «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы: ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру.

14. Мiндеттерi: ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру.

15. Функциялары:

облыстың аумағында орналасқан екi және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантиндi немесе шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы шешiмдер қабылдау туралы ұсыныстар енгiзу;

осы облыстың аумағында орналасқан екi және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiнде ветеринариялық iс-шаралар кешенi жүргiзiлгеннен кейiн тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу iс-шараларын немесе карантиндi тоқтату туралы шешiмдер қабылдау туралы ұсыныстар енгiзу;

Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;

уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен аумақты аймақтарға бөлу туралы ұсыныстар енгiзу;

уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралар жоспарын әзiрлеу;

облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық iс-шараларды жүргiзудi ұйымдастыру;

ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарымен жануарлардың аса қауiптi ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды тасымалдауды (жеткiзудi) ұйымдастыру;

ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткiзу), ветеринариялық паспортты дайындау жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру;

ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттiлiктi айқындау және процессингтiк орталыққа ақпарат беру;

ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi дерекқордың жүргiзiлуiн ұйымдастыру;

жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есептiк нөмiрлер беру;

облыс шегiнде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргiзу;

облыс шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың орындалуына мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

эпизоотологиялық зерттеп-қарау актiсiн беру;

Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:

iшкi сауда объектiлерiнде;

жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);

ветеринариялық препараттар өндiрудi қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларда;

экспортын (импортын) және транзитiн қоспағанда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсiру кезiнде;

экспортты (импортты) және транзиттi қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдарының барлық түрлерiнде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлерi бойынша;

тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетiн, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;

экспортты (импортты) және транзиттi қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi өсiретiн, сақтайтын, қайта өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндiрiстiк үй-жайларында және қызметiне жүзеге асыру;

мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi күтiп-ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актiсiн жасау;

ветеринариялық есепке алу мен есептiлiктi жинақтау, талдау және оларды уәкiлеттi органға ұсыну;

жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткiзудi) ұйымдастыру;

уәкiлеттi орган бекiткен тiзбе бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшiн жеткiзу бойынша ветеринариялық iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

ветеринария мәселелерi бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу;

ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi iс-шаралар жүргiзудi ұйымдастыру;

жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларға қатысу;

профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тiзбесiн бекiту;

ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндiрумен, өткiзiлетiн (тасымалданатын) объектiлердiң импортымен, экспортымен, транзитiмен байланысты қызметтi қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөнiндегi қызметiн бақылау және қадағалау;

республикалық қорды қоспағанда, бюджеттiк бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды бөлудi, олардың сақталуын, тасымалдануын (жеткiзiлуiн) және пайдаланылуын бақылау және қадағалау;

ветеринарлық есепке алу мен есептiлiктi жүргiзу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен ұсыну;

ветеринарлық iс-шаралардың орындалуын бақылау және қадағалау;

мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылауды және қадағалауды; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептерi мен жағдайларын айқындау және анықтау;

ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудiң жүргiзiлуiн бақылау және қадағалау;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау.

16. Құқықтары мен мiндеттерi:

ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының сақталуын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметi туралы ақпарат алу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк ветеринарлық-санитарлық бақылау мен қадағалау объектiлерiне бөгетсiз (қызмет куәлiгiн көрсетiп) кiру;

мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшiн, зерттеу жүргiзу мерзiмi туралы мүдделi тараптарға хабарлай отырып, олардың сынамаларын iрiктеп алуды жүргiзу;

мемлекеттiк ветеринарлық-санитарлық бақылау мен қадағалауды жүргiзу;

ветеринарлық құжаттар беру;

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен қарастырылған уәкiлеттiлiктер шегiнде актiлер шығару;

ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларды алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе өңдеудi ұйымдастыру iсiне қатысуға, сондай-ақ аталған фактiлер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлау;

Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда сотқа талап қою;

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасын орындау мәселелерiнде басқа мемлекеттiк мекемелермен өзара әрекет ету.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

17. «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекеменi басқаруды «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.

18. «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы Ақмола облысы әкiмiнiң өкiмiмен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

19. «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары бар.

Басшы өз орынбасарының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

20. Басшының өкiлеттiгi:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесi мамандардың мiндеттерiн және өкiлеттiктерiн белгiлейдi;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақмола облысының ветеринария» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген тәртiппен «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi;

«Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқауларын бекiтедi;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, барлық мемлекеттiк органдарда және өзге ұйымдарда «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң өкiлi болады;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қолданады және ол үшiн жеке жауапты болады;

«Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң алқасы жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкiлеттiлiктердi жүзеге асырады.

«Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

21. «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

«Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ, өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

22. «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық меншiкке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Дата создания статьи: 26.10.2017 17:16
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.10.2017 17:16
Қаралым саны: 1165

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz