A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Жауапты тұлғалардың байланыс деректерін көрсетумен, өтініштер қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерді шағым жасаудың тәртібі

Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкiн.

Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңының 10-бабындағы 1-тармағына сәйкес, өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiңқабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуға тиiс. Берiлген жауаппен келiспеген жағдайда өтiнiш иесi жазбаша өтiнiш беруге немесе Көкшетау қ., Абай көшесi 89, 401 кабинет мекенжайы бойынша басшының қабылдауына жазылуына құқығы бар, тел.: +7 (7162) 722919

Дата создания статьи: 07.11.2017 10:05
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.11.2017 10:05
Қаралым саны: 382

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz