A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регалменті

Жүктеу (DOCX 202 Kb)

Ветеринария саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 2 қарашадағы № А-11/501 қаулысы. Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде 2015 жылғы 27 қарашада № 5092 болып тiркелдi

РҚАО-ның ескертпесi.

Құжаттың мәтiнiнде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабындағы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса ұсынылып отырған:

1) «Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

2) «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

3) «Жануарларды өсiрудi, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және сатуды жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндiру, сақтау және сату бойынша өндiрiс объектiлерiне тiркеу нөмiрлерiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

4) «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

5) «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бiрдейлендiрудi жүргiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

6) «Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi бекiтiлсiн.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсiн.

3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi                                                                                                                С.Кулагин

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 02 қарашадағы
№ А-11/501 қаулысымен
бекiтiлген

«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бiрдейлендiрудi жүргiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1.Жалпы ережелер

1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бiрдейлендiрудi жүргiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарымен құрылған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдармен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету нәтижесiн беру мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

Ветеринариялық паспорттан үзiндi алу қажеттiлiгi жағдайында өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi — Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — ветеринарлық паспорт бере отырып, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру әдiсiнiң бiрiмен жануарларға жеке нөмiр, телнұсқасын, ветеринариялық паспорттан үзiндi беру.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны — электрондық немесе қағаз түрiнде.

2.Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекiтiлген «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бiрдейлендiрудi жүргiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — стандарт) 9-тармағында көрсетiлген құжаттар мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету жөнiндегi рәсiмдi (iс-қимылды) бастауға негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, «Е-лицензиялау» мемлекеттiк дерекқоры» мемлекеттiк ақпараттық жүйесiнде (бұдан әрi — «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ) тiркеудi өткiзедi және құжаттарды жауапты орындаушыға жiбередi — 30 минут;

2) жауапты орындаушы көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттарды тексередi, мынадай тәсiлдердiң бiрiмен (сырғалау, таңба басу, чиптау) жануарға жеке нөмiр бередi, жануардың жеке нөмерiн ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудiң дерекқорына енгiзедi, облыстың жергiлiктi атқарушы органымен бекiтiлген ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi өткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарында көрсетiлген мерзiмге сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн ресiмдейдi;

ветеринариялық паспорттан үзiндi беру — 30 минут;

сырғалар жоғалған, бүлiнген кезде қайталама мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет, жануарға жаңа бiрдейлендiру нөмiрiн берумен сырғаның телнұсқасын алу — 2 жұмыс күнi;

ветеринариялық паспортты оның жоғалған, тозығы жеткенде қайта беру — 2 жұмыс күнi;

3) кеңсе қызметкерi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн журналда тiркейдi және бередi — 30 минут.

6. Келесi рәсiмдердi (iс-қимылдарды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) нәтижелерi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн дайындау;

3) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру.

3.Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi: ветеринариялық дәрiгер.

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) рәсiмдерiнiң (iс-қимылдарының), өзара iс-қимылдарының толық сипаттамасы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тiркеудi өткiзедi және құжаттарды басшыға бұрыштама қожауапты орындаушыға жiбередi — 30 минут;

2) жауапты орындаушы көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттарды тексередi, мынадай тәсiлдердiң бiрiмен (сырғалау, таңба басу, чиптау) жануарға жеке нөмiр бередi, жануардың жеке нөмерiн ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудiң дерекқорына енгiзедi, облыстың жергiлiктi атқарушы органымен бекiтiлген ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi өткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарында көрсетiлген мерзiмге сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн ресiмдейдi;

ветеринариялық паспорттан үзiндi беру — 30 минут;

сырғалар жоғалған, бүлiнген кезде қайталама мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет, жануарға жаңа бiрдейлендiру нөмiрiн берумен сырғаның телнұсқасын алу — 2 жұмыс күнi;

ветеринариялық паспортты оның жоғалған, тозығы жеткенде қайта беру — 2 жұмыс күнi;

3) кеңсе қызметкерi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн журналда тiркейдi және бередi — 30 минут.

4.Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. Портал арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсеткенде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiш беру тәртiбi мен рәсiмдерi (iс-қимылдары) кезектiлiгiн сипаттау:

көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — ЖСН) және бизнес-сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — БСН), сондай-ақ парольдiң (Порталда тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жүзеге асырылады) көмегiмен Порталда тiркелудi жүзеге асырады;

1-процесс — қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушымен Порталда ЖСН/БСН және парольдi енгiзу процесi (авторизациялау процесi);

1-шарт — тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы туралы деректердiң дұрыстығын ЖСН/БСН мен пароль арқылы Порталда тексеру;

2-процесс — Порталмен көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушымен осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызметтi көрсету үшiн сұрату нысанын экранға шығару және көрсетiлетiн қызметтi алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректердi енгiзу), Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттардың көшiрмесiн электрондық түрде сұрату нысанына тiркеу, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi алушымен сұратуды куәландыру (қол қою) үшiн тiркеу куәлiгiн — ЭЦҚ-ны таңдауы;

2-шарт — Порталда ЭЦҚ-ның тiркеу куәлiгiнiң қолдану мерзiмiн және керi қайтарылған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң iшiнде болмауын, сондай-ақ сәйкестендiру деректерiнiң (сұратуда көрсетiлген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестiгiн тексеру;

4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

5-процесс — автоматтандырылған жұмыс орнында «электрондық үкiмет» шлюзы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұратуын) көрсетiлетiн қызметтi берушiмен сұратуды өңдеу үшiн өңiрлiк «электрондық үкiмет» шлюзiне жолдау;

6-процесс — осы регламенттiң 5-тармағымен көзделген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

7-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушымен «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алу. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының ЭЦҚ-сын қолданумен қалыптастырылады.

10. Портал арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара әрекеттесуiнiң диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген.

11. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету процесiнде рәсiмдер (iс-қимылдар) ретiнiң, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының және мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiнiң толық сипаттамасы осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

«Ауыл шаруашылығы жануарларын
ветеринариялық паспорт бере
отырып бiрдейлендiрудi жүргiзу»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет
регламентiне 1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiндегi функционалдық өзара әрекеттесудiң диаграммасы

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

Портал — «электрондық үкiмет» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz.

ЭҮТШ — электрондық үкiмет төлемшлюзi;

«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ — «Е-лицензиялау» мемлекеттiк дерекқоры» мемлекеттiк ақпараттық жүйесi

«Ауылшаруашылығы жануарларын
ветеринариялық паспорт бере
отырып бiрдейлендiрудi жүргiзу»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет
регламентiне 2-қосымша

«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бiрдейлендiрудi жүргiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

Дата создания статьи: 03.11.2017 15:07
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.09.2018 17:53
Қаралым саны: 848

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz