A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регалменті

Көшiру  (DOCX 230 Kb)

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 2 қарашадағы № А-11/501 қаулысы. Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде 2015 жылғы 27 қарашада № 5092 болып тiркелдi

«Жануарларды өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есептiк нөмiрлер беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. «Жануарларды өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есептiк нөмiрлер беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi — Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — жануарларды өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есептiк нөмiр беру туралы растау немесе берiлген есептiк нөмiрдi қайта ресiмдеу (бұдан әрi — растау) немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекiтiлген «Жануарларды өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есептiк нөмiрлер беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайлар және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны — электрондық түрде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көрсетiлген құжаттар мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету жөнiндегi рәсiмдi (iс-қимылды) бастауға негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органы бөлiмшесiнiң кеңсе қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, «Е-лицензиялау» мемлекеттiк дерекқоры» мемлекеттiк ақпараттық жүйесiнде (бұдан әрi — «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ) тiркеудi өткiзедi және құжаттарды басшыға бұрыштама қоюға жiбередi — 30 минут;

2) ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органы бөлiмшесiнiң басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны айқындайды — 30 минут;

3) ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органы бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi. Өтiнiш берушiмен толық емес құжаттарды ұсыну фактiсi айқындалған жағдайда өтiнiштi әрi қарай қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауапты әзiрлейдi — 1 жұмыс күнi;

4) ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органы бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы құжаттардың сәйкес болуы жағдайында Ақмола облысының ветеринария басқармасына (бұдан әрi — Басқарма) есептiк нөмiр беруге сұрату жiбередi — 1 жұмыс күнi;

5) Басқарма сұрату түскен сәттен бастап есептiк нөмiр беру туралы шешiм шығарады:

өндiрiс объектiсiне есептiк нөмiр бередi;

өндiрiс объектiсiне есептiк нөмiр беру туралы растауды ресiмдейдi және оны ұсыну үшiн жергiлiктi атқарушы органның бөлiмшесiне жiбередi — 3 жұмыс күнi;

6) ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органы бөлiмшесiнiң басшысы «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрi — ЭЦҚ) өндiрiс объектiсiне есептiк нөмiр беру туралы растауға немесе мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтен бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды. Өтiнiш қағаз тасығышта берiлген жағдайда, бланкте басып шығарылады, қол қойылады және мөрмен куәландырылады — 1 жұмыс күнi iшiнде;

7) ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органы бөлiмшесiнiң кеңсе қызметкерi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн тiркейдi және оны көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi — 30 минут;

жүзеге асыратын қызмет түрiнiң өзгеруiне әкелiп соқтырмайтын өндiрiс объектiсi атауы және (немесе) ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда есептiк нөмiрдi қайта ресiмдейдi және растама бередi — 5 жұмыс күнi;

қызметiнiң түрi өзгерген жағдайда өндiрiс объектiсi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартымен белгiленген мерзiмде есептiк нөмiр берудiң қайталама рәсiмiнен өтедi — 7 жұмыс күн;

сою алаңдары есептiк нөмiрдi растау үшiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартымен белгiленген мерзiмде есептiк нөмiрдi қайта рәсiмдеу рәсiмiнен өтедi — 7 жұмыс күн.

6. Келесi рәсiмдердi (iс-қимылдарды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) нәтижелерi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны айқындау;

3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру. Толық емес құжаттарды ұсыну фактiсi айқындалған жағдайда өтiнiштi әрi қарай қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауапты әзiрлейдi;

4) Басқармаға сұрату жiберу;

5) есептiк нөмiр беру туралы шешiм қабылдау;

6) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қою;

7) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органы бөлiмшесiнiң кеңсе қызметкерi;

2) ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органы бөлiмшесiнiң басшысы;

3) ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органы бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы;

4) Ақмола облысының ветеринария басқармасы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органы бөлiмшесiнiң кеңсе қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тiркеудi өткiзедi және құжаттарды басшыға бұрыштама қоюға жiбередi — 30 минут;

2) ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органы бөлiмшесiнiң басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны айқындайды — 30 минут;

3) ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органы бөлiмшесiнiң жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi. Өтiнiш берушiмен толық емес құжаттарды ұсыну фактiсi айқындалған жағдайда өтiнiштi әрi қарай қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауапты әзiрлейдi — 1 жұмыс күнi;

4) ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органы бөлiмшесiнiң жауапты орындаушы құжаттардың сәйкес болуы жағдайында Ақмола облысының ветеринария басқармасына есептiк нөмiр беруге сұрату жiбередi — 1 жұмыс күнi;

5) Басқарма сұрату түскен сәттен бастап есептiк нөмiр беру туралы шешiм шығарады:

өндiрiс объектiсiне есептiк нөмiр бередi;

өндiрiс объектiсiне есептiк нөмiр беру туралы растауды ресiмдейдi және оны ұсыну үшiн жергiлiктi атқарушы органның бөлiмшесiне жiбередi — 3 жұмыс күнi;

6) ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органы бөлiмшесiнiң басшысы «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрi — ЭЦҚ) өндiрiс объектiсiне есептiк нөмiр беру туралы растауға немесе мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтен бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды. Өтiнiш қағаз тасығышта берiлген жағдайда, бланкте басып шығарылады, қол қойылады және мөрмен куәландырылады — 1 жұмыс күнi iшiнде;

7) ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органы бөлiмшесiнiң кеңсе қызметкерi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн тiркейдi және оны көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi — 30 минут;

жүзеге асыратын қызмет түрiнiң өзгеруiне әкелiп соқтырмайтын өндiрiс объектiсi атауы және/немесе ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда есептiк нөмiрдi қайта ресiмдейдi және растама бередi — 5 жұмыс күнi;

қызметiнiң түрi өзгерген жағдайда өндiрiс объектiсi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартымен белгiленген мерзiмде есептiк нөмiр берудiң қайталама рәсiмiнен өтедi — 7 жұмыс күн;

сою алаңдары есептiк нөмiрдi растау үшiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартымен белгiленген мерзiмде есептiк нөмiрдi қайта рәсiмдеу рәсiмiнен өтедi — 7 жұмыс күнi.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. Портал арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсеткенде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiш беру тәртiбi мен рәсiмдерiнiң (iс-қимылдарының) кезеңдiлiгiн сипаттау:

көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — ЖСН) және бизнес-сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — БСН), сондай-ақ парольдiң (Порталда тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жүзеге асырылады) көмегiмен Порталда тiркелудi жүзеге асырады;

1-процесс — қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушымен Порталда ЖСН/БСН және парольдi енгiзу процесi (авторизациялау процесi);

1-шарт — тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы туралы деректердiң дұрыстығын ЖСН/БСН мен пароль арқылы Порталда тексеру;

2-процесс — Порталмен көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушымен осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызметтi көрсету үшiн сұрату нысанын экранға шығару және көрсетiлетiн қызметтi алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректердi енгiзу), Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттардың көшiрмесiн электрондық түрде сұрату нысанына тiркеу, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi алушымен сұратуды куәландыру (қол қою) үшiн тiркеу куәлiгiн — ЭЦҚ-ны таңдауы;

2-шарт — Порталда ЭЦҚ-ның тiркеу куәлiгiнiң қолдану мерзiмiн және керi қайтарылған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң iшiнде болмауын, сондай-ақ сәйкестендiру деректерiнiң (сұратуда көрсетiлген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестiгiн тексеру;

4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

5-процесс — автоматтандырылған жұмыс орнында «электрондық үкiмет» шлюзы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұратуын) көрсетiлетiн қызметтi берушiмен сұратуды өңдеу үшiн өңiрлiк «электрондық үкiмет» шлюзiне жолдау;

6-процесс — осы регламенттiң 5-тармағымен көзделген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

7-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушымен «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алу. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының ЭЦҚ-сын қолданумен қалыптастырылады.

10. Портал арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара әрекеттесуiнiң диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген.

11. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету процесiнде рәсiмдер (iс-қимылдар) кезеңдiлiгiнiң, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының және мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiнiң толық сипаттамасы осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

«Жануарларды өсiрудi, жануарларды,

жануарлардан алынатын өнiм мен

шикiзатты дайындауды (союды),

сақтауды, өңдеудi және өткiзудi

жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне,

сондай-ақ ветеринариялық препараттарды,

азықтар мен азықтық қоспаларды өндiру,

сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға

есептiк нөмiрлер беру» мемлекеттiк

көрсетiлетiн қызмет

регламентiне 1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiндегi функционалдық өзара әрекеттесудiң диаграммасы

 

Дата создания статьи: 30.10.2017 12:40
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.10.2017 12:40
Қаралым саны: 692

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz