Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 2 қарашадағы № А-11/501 қаулысы. Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде 2015 жылғы 27 қарашада № 5092 болып тiркелдi
«Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi
1. Жалпы ережелер
1. «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) аудандар, Көкшетау және Степногорск қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарымен құрылған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдармен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.
Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету нәтижесiн беру мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.
3. Ветеринариялық анықтама беру немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекiтiлген «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайлар және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi болып табылады.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны — қағаз түрiнде.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
4. Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттар мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету жөнiндегi рәсiмдi (iс-қимылды) бастауға негiз болып табылады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады, жауапты орындаушыға жолдайды — 30 минут;
2) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды тексередi ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi дерекқорда бар жануар туралы мәлiметтердiң немесе олардан үзiндi-көшiрмелердiң, ветеринариялық паспорттың негiзiнде жануарды, одан алынған өнiм мен шикiзатты ветеринариялық байқап қараудан өткiзедi, бұл ретте көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш берген сәттегi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағындағы эпизоотиялық ахуал ескерiледi. Ветеринариялық анықтаманы немесе қолмен және мөрмен куәландырылған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты дайындайды — 5 сағат;
3) кеңсе қызметкерi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 30 минут.
6. Келесi рәсiмдердi (iс-қимылдарды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) нәтижелерi:
1) өтiнiштi қабылдау және тiркеу;
2) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн дайындау;
3) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:
1) кеңсе қызметкерi;
2) жауапты орындаушы.
8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдер (iс-қимылдар) кезектiлiгiн сипаттау:
1) кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады, жауапты орындаушыға жолдайды — 30 минут;
2) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды тексередi ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi дерекқорда бар жануар туралы мәлiметтердiң немесе олардан үзiндi-көшiрмелердiң, ветеринариялық паспорттың негiзiнде жануарды, одан алынған өнiм мен шикiзатты ветеринариялық байқап қараудан өткiзедi, бұл ретте көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш берген сәттегi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағындағы эпизоотиялық ахуал ескерiледi. Ветеринариялық анықтаманы немесе қолмен және мөрмен куәландырылған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты дайындайды — 5 сағат;
3) кеңсе қызметкерi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 30 минут.
9. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету процесiнде рәсiмдер (iс-қимылдар) кезеңдiлiгiнiң, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының және мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiнiң толық сипаттамасы осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.
«Ветеринариялық анықтамалар беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет
регламентiне 1-қосымша
«Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң бизнес-үдерiстерiнiң анықтамалығы