A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регалменті

Жүктеу (DOCX 282 Kb)

Ветеринария саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабындағы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.Қоса ұсынылып отырған:

1)«Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

2)«Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

3)«Жануарларды өсiрудi, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және сатуды жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндiру, сақтау және сату бойынша өндiрiс объектiлерiне тiркеу нөмiрлерiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

4)«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

5)«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бiрдейлендiрудi жүргiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

«РҚАО» РМК лауазымды тұлғаның ЭЦҚ мәлiметi бар QR-код

ҚР НҚА ЭББ-гi нақты құжатқа сiлтеу QR-коды

6)алып тасталды — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 23.04.2019 № А-4/187 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 23.04.2019 № А-4/187 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

2.Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсiн.

3.Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

             Облыс әкiмi                                                                  С. Кулагин

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 02 қарашадағы
№ А-11/501 қаулысымен бекiтiлген

«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

Ескерту. Регламент жаңа редакцияда — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 23.04.2019 № А-4/187 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

1.Жалпы ережелер

1.«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама өткiзу жөнiндегi қызметке лицензия беру бөлiгiнде «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1)көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2)www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi — Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2.Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.

3.Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11959 болып тiркелген) бекiтiлген «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 10-тармағында көрсетiлген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы уәждi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық.

2.Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4.Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттар мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету жөнiндегi рәсiмдi (iс-қимылды) бастауға негiз болып табылады.

5.Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1)кеңсе қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, «Е-лицензиялау» мемлекеттiк дерекқоры» ақпараттық жүйесiнде (бұдан әрi — «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ) тiркеудi өткiзедi және құжаттарды басшыға бұрыштама қоюға жiбередi — 30 минут;

2)басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды — 30 минут;

3)жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi. Толық емес құжаттарды ұсыну фактiсi айқындалған жағдайда өтiнiштi әрi қарай қараудан бас тарту туралы уәждi жауапты дайындайды — 2 жұмыс күнi;

4)жауапты орындаушы:

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiне тексерудi жүргiзедi, лицензияны дайындайды — 12 жұмыс күнi;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу кезiнде келiп түскен құжаттарды тексередi, қайта ресiмделген лицензияны дайындайды — 2 жұмыс күнi;

лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезiнде келiп түскен құжаттарды тексередi, лицензияның телнұсқасын дайындайды — 1 жұмыс күнi;

5)басшы «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрi — ЭЦҚ) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды. Көрсетiлетiн қызметтi алушы қағаз тасығышта өтiнiш берген жағдайда, құжатқа Портал арқылы ЭЦҚ-мен қол қойылады, басып шығарылады, мөрмен және басшының қолымен куәландырылады — 30 минут;

6)кеңсе қызметкерi көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн журналда тiркейдi және оны бередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» «Е- лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы электрондық құжат нысанында немесе бас тарту туралы уәждi жауапты жолдайды — 30 минут.

6.Келесi рәсiмдердi (iс-қимылдарды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) нәтижелерi:

1)өтiнiштi қабылдау, тiркеу;

2)жауапты орындаушыны айқындау;

3)ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру. Толық емес құжаттарды ұсыну фактiсi айқындалған жағдайда өтiнiштi әрi қарай қараудан бас тарту туралы уәждi жауапты дайындау және жолдау;

4)мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн дайындау;

5)мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қою;

6)мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру.

3.Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн

сипаттау

7.Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1)кеңсе қызметкерi;

2)басшы;

3)жауапты орындаушы.

8.Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезектiлiгiн сипаттау:

1)кеңсе қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тiркеудi өткiзедi және құжаттарды басшыға бұрыштама қоюға жiбередi — 30 минут;

2)басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды — 30 минут;

3)жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi. Толық емес құжаттарды ұсыну фактiсi айқындалған жағдайда өтiнiштi әрi қарай қараудан бас тарту туралы уәждi жауапты дайындайды — 2 жұмыс күнi;

4)жауапты орындаушы:

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiне тексерудi жүргiзедi, лицензияны дайындайды — 12 жұмыс күнi;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу кезiнде келiп түскен құжаттарды тексередi, қайта ресiмделген лицензияны дайындайды — 2 жұмыс күнi;

лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезiнде келiп түскен құжаттарды тексередi, лицензияның телнұсқасын дайындайды — 1 жұмыс күнi;

5)басшы «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы ЭЦҚ-мен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды. Көрсетiлетiн қызметтi алушы қағаз тасығышта өтiнiш берген жағдайда, құжатқа Портал арқылы ЭЦҚ-мен қол қойылады, басып шығарылады, мөрмен және басшының қолымен куәландырылады — 30 минут;

6)кеңсе қызметкерi көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн журналда тiркейдi және оны бередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» «Е- лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы электрондық құжат нысанында немесе бас тарту туралы уәждi жауапты жолдайды — 30 минут.

4.Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9.Портал арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсеткенде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiш беру тәртiбi мен рәсiмдерiнiң (iс-қимылдарының) кезеңдiлiгiн сипаттау:

көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — ЖСН) және бизнес-сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — БСН), сондай-ақ парольдiң (Порталда тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жүзеге асырылады) көмегiмен Порталда тiркелудi жүзеге асырады;

1-процесс — қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушымен Порталда ЖСН/БСН және парольдi енгiзу процесi (авторизациялау процесi);

1-шарт — тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы туралы деректердiң дұрыстығын ЖСН/БСН мен пароль арқылы Порталда тексеру;

2-процесс — Порталмен көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушымен осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызметтi көрсету үшiн сұрату нысанын экранға шығару және көрсетiлетiн қызметтi алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректердi енгiзу), Стандарттың 9- тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттардың көшiрмесiн электрондық түрде сұрату нысанына тiркеу, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi алушымен сұратуды куәландыру (қол қою) үшiн тiркеу куәлiгiн — ЭЦҚ-ны таңдауы;

2-шарт — Порталда ЭЦҚ-ның тiркеу куәлiгiнiң қолдану мерзiмiн және керi қайтарылған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң iшiнде болмауын, сондай-ақ сәйкестендiру деректерiнiң (сұратуда көрсетiлген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестiгiн тексеру;

4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

5-процесс — электрондық үкiмет төлем шлюзiнде (бұдан әрi — ЭҮТШ) қызметке ақы төлеу, содан кейiн бұл ақпарат «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ түседi не электрондық (сканерленген) түрде түбiртектi тiркеу;

3-шарт — қызмет көрсету үшiн төлеу фактiсiн «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тексеру;

6-процесс — «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қызметтi көрсету үшiн төлемнiң болмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

7-процесс — автоматтандырылған жұмыс орнында «электрондық үкiмет» шлюзы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұратуын) көрсетiлетiн қызметтi берушiмен сұратуды өңдеу үшiн өңiрлiк

«электрондық үкiмет» шлюзiне жолдау;

8-процесс — осы регламенттiң 5-тармағымен көзделген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

9-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушымен «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алу.

Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының ЭЦҚ- сын қолданумен қалыптастырылады.

10.Портал арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара әрекеттесуiнiң диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген.

11.Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету процесiнде рәсiмдер (iс- қимылдар) ретiнiң, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының және мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiнiң толық сипаттамасы осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес- процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

Дата создания статьи: 30.10.2017 16:18
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.05.2019 11:52
Қаралым саны: 1413

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz