A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регалменті

Көшiру  (DOCX 215 Kb)

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 2 қарашадағы № А-11/501 қаулысы. Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде 2015 жылғы 27 қарашада № 5092 болып тiркелдi

«Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. «Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) облыстың, аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының бөлiмшелерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi — Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — электрондық (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — келесi шешiмдердi көрсете отыра аттестаттау парағы:

1) аттестатталды;

2) қайта аттестаттауға жатады;

3) аттестатталған жоқ.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны — электрондық түрде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекiтiлген «Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 9-тармағында көрсетiлген құжаттар мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету жөнiндегi рәсiмдi (iс-қимылды) бастауға негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, «Е-лицензиялау» мемлекеттiк дерекқоры» мемлекеттiк ақпараттық жүйесiнде (бұдан әрi — «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ) тiркеудi өткiзедi және құжаттарды басшыға бұрыштама қоюға жiбередi — 30 минут;

2) басшы келiп түскен құжаттармен танысады, жауапты орындаушыны айқындайды — 30 минут;

3) жауапты орындаушы келесi iс-шараларды әзiрлеу рәсiмiн өткiзедi — 6 күнтiзбелiк күн:

аттестаттау өткiзу үшiн қажеттi құжаттарды дайындайды;

аттестаттау өткiзу кестесiн әзiрлейдi және бекiтедi;

аттестаттау комиссиясының құрамын айқындайды;

ұйымдастырушылық түсiндiру жұмысын өткiзедi;

аттестаттау мерзiмдерi туралы оны өткiзудi бастағанға дейiн хабарландырады;

аттестаттауға жататын тұлғалардың құжаттарын қабылдайды және талдайды.

4) басшы аттестаттау комиссиясын құрады, аттестаттауға жататын тұлғалардың тiзiмiн, тестiлеу сұрақтарын айқындайды және аттестаттау мерзiмдерiн, жұмыс кестесiн белгiлейдi — 5 күнтiзбелiк күн;

5) аттестаттау комиссиясы құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестiгiне қарайды, тестiлеудi және әңгiмелесудi өткiзедi — 1 күнтiзбелiк күн. Әңгiмелесудiң нәтижесi бойынша комиссия келесi шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

аттестатталды;

қайта аттестаттауға жатады;

аттестатталған жоқ.

Комиссиямен қабылданған шешiм аттестаттау парағына енгiзiледi.

6) кеңсе қызметкерi аттестаттау парағын журналда тiркейдi, «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрi — ЭЦҚ) қол қояды. Көрсетiлетiн қызметтi алушы қағаз тасығышта өтiнiш бiлдiрген жағдайда, аттестаттау парағы электрондық нысанда рәсiмделiп, басып шығарылады, комиссия төрағасы, мүшелерi және хатшысымен қол қойылады және аттестаттау аяқталғаннан кейiн берiледi — 30 минут.

6. Келесi рәсiмдердi (iс-қимылдарды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) нәтижелерi:

1) өтiнiштi қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны айқындау;

3) жауапты орындаушымен аттестаттауға дайындалу рәсiмi;

4) басшымен аттестаттау өткiзу жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу және бекiту;

5) тестiлеу, әңгiмелесу және шешiм қабылдау;

6) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсе қызметкерi;

2) басшы;

3) жауапты орындаушы;

4) аттестаттау комиссиясы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезектiлiгiн сипаттау:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тiркеудi өткiзедi және құжаттарды басшыға бұрыштама қоюға жiбередi — 30 минут;

2) басшы келiп түскен құжаттармен танысады, жауапты орындаушыны айқындайды — 30 минут;

3) жауапты орындаушы келесi iс-шараларды әзiрлеу рәсiмiн өткiзедi — 6 күнтiзбелiк күн:

аттестаттау өткiзу үшiн қажеттi құжаттарды дайындайды;

аттестаттау өткiзу кестесiн әзiрлейдi және бекiтедi;

аттестаттау комиссиясының құрамын айқындайды;

ұйымдастырушылық түсiндiру жұмысын өткiзедi;

аттестаттау мерзiмдерi туралы оны өткiзудi бастағанға дейiн хабарландырады;

аттестаттауға жататын тұлғалардың құжаттарын қабылдайды және талдайды;

4) басшы аттестаттау комиссиясын құрады, аттестаттауға жататын тұлғалардың тiзiмiн, тестiлеу сұрақтарын айқындайды және аттестаттау мерзiмдерiн, жұмыс кестесiн белгiлейдi — 5 күнтiзбелiк күн;

5) аттестаттау комиссиясы құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестiгiне қарайды, тестiлеудi және әңгiмелесудi өткiзедi — 1 күнтiзбелiк күн.

Әңгiмелесудiң нәтижесi бойынша комиссия келесi шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

аттестатталды;

қайта аттестаттауға жатады;

аттестатталған жоқ.

Комиссиямен қабылданған шешiм аттестаттау парағына енгiзiледi.

6) кеңсе қызметкерi аттестаттау парағын журналда тiркейдi, «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы ЭЦҚ-мен қол қояды. Көрсетiлетiн қызметтi алушы қағаз тасығышта өтiнiш бiлдiрген жағдайда, аттестаттау парағы электрондық нысанда рәсiмделiп, басып шығарылады, комиссия төрағасы, мүшелерi және хатшысымен қол қойылады және аттестаттау аяқталғаннан кейiн берiледi — 30 минут.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

8. Портал арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсеткенде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiш беру тәртiбi мен рәсiмдерiнiң (iс-қимылдарының) кезеңдiлiгiн сипаттау:

көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — ЖСН) және бизнес-сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — БСН), сондай-ақ парольдiң (Порталда тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жүзеге асырылады) көмегiмен Порталда тiркелудi жүзеге асырады;

1-процесс — қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушымен Порталда ЖСН/БСН және парольдi енгiзу процесi (авторизациялау процесi);

1-шарт — тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы туралы деректердiң дұрыстығын ЖСН/БСН мен пароль арқылы Порталда тексеру;

2-процесс — Порталмен көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушымен осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызметтi көрсету үшiн сұрату нысанын экранға шығару және көрсетiлетiн қызметтi алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректердi енгiзу), Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттардың көшiрмесiн электрондық түрде сұрату нысанына тiркеу, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi алушымен сұратуды куәландыру (қол қою) үшiн тiркеу куәлiгiн — ЭЦҚ-ны таңдауы;

2-шарт — Порталда ЭЦҚ-ның тiркеу куәлiгiнiң қолдану мерзiмiн және керi қайтарылған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң iшiнде болмауын, сондай-ақ сәйкестендiру деректерiнiң (сұратуда көрсетiлген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестiгiн тексеру;

4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

5-процесс — автоматтандырылған жұмыс орнында «электрондық үкiмет» шлюзы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұратуын) көрсетiлетiн қызметтi берушiмен сұратуды өңдеу үшiн өңiрлiк «электрондық үкiмет» шлюзiне жолдау;

6-процесс — осы регламенттiң 5-тармағымен көзделген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

7-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушымен «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алу. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының ЭЦҚ-сын қолданумен қалыптастырылады.

10. Портал арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара әрекеттесуiнiң диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген.

11. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету процестерiнде рәсiмдер (iс-қимылдар) кезеңдiлiгiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының және мемлекеттiк қызмет көрсету процестерiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiнiң толық сипаттамасы осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

«Ветеринария саласында кәсiпкерлiк

қызметтi жүзеге асыратын жеке және

заңды тұлғаларды аттестаттау»

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң

регламентiне 1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара әрекеттесуiнiң диаграммасы

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

Портал — «электрондық үкiмет» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz;

ЭҮТШ — электрондық үкiмет төлем шлюзi;

«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ — «Е-лицензиялау» мемлекеттiк дерекқор ақпараттық жүйесi.

«Ветеринария саласында кәсiпкерлiк

қызметтi жүзеге асыратын жеке және

заңды тұлғаларды аттестаттау»

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң

регламентiне 2-қосымша

«Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

Дата создания статьи: 30.10.2017 17:47
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.10.2017 17:47
Қаралым саны: 519

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz