A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регалменті

Көшiру (DOCX 240 Kb) 

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 2 қарашадағы № А-11/501 қаулысы. Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде 2015 жылғы 27 қарашада № 5092 болып тiркелдi

«Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. «Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) аудандардың және Көкшетау, Степногорск қалаларының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлiмдерiмен бекiтiлген тiзiмнiң негiзiнде мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — электрондық (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi:

мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiсiнiң ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкестiгi туралы;

анықталған бұзушылықтарды жоюға ұсынымдар бере отырып, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiсiнiң ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместiгi туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды (бұдан әрi — ветеринариялық-санитариялық қорытынды).

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны — қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекiтiлген «Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 9-тармағында көрсетiлген құжаттар мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету жөнiндегi рәсiмдi (iс-қимылды) бастауға негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, «Е-лицензиялау» мемлекеттiк дерекқоры» мемлекеттiк ақпараттық жүйесiнде (бұдан әрi — «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ) тiркеудi өткiзедi және құжаттарды басшыға бұрыштама қоюға жiбередi — 30 минут;

2) басшы құжаттармен танысады, жауапты орындаушыны айқындайды — 30 минут;

3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi. Өтiнiш берушiмен толық емес құжаттарды ұсыну фактiсi айқындалған жағдайда өтiнiштi әрi қарай қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауапты әзiрлейдi — 1 жұмыс күнi;

4) құжаттардың сәйкес болуы жағдайында жауапты орындаушы 2 жұмыс күнi мерзiмде:

объектiнi тексеруге дейiн бару арқылы бақылау және қадағалауды өткiзу туралы құқықтық статистика және арнайы есеп органдарына хабарлайды;

объектiге тексеру жүргiзедi;

объектiнiң ұсынылған құжаттарға сәйкестiгiн тексередi;

объектiнiң ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерге, талаптарға сәйкестiгiн тексередi;

мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актiсiн жасайды, мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгердiң қарауына шешiм қабылдау үшiн енгiзедi;

5) мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгер тiзiм бойынша:

қолмен және мөрмен куәландырылған мемлекеттiк ветеринариялық бақылау және қадағалау объектiсiнiң ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкестiгi;

«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы қолмен және мөрмен куәландырылған, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныспен мемлекеттiк ветеринариялық бақылау және қадағалау объектiсiнiң ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместiгi туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру туралы шешiм қабылдайды. Қағаз тасығышта өтiнiш бiлдiрген жағдайда, ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкте басып шығарылады, оған қол қойылады және мөрмен куәландырылады — 3 сағат;

6) кеңсе қызметкерi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн журналда тiркейдi және оны бередi — 30 минут.

6. Келесi рәсiмдердi (iс-қимылдарды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) нәтижелерi:

1) өтiнiштi қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны айқындау;

3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру. Толық емес құжаттарды ұсыну фактiсi айқындалған жағдайда өтiнiштi әрi қарай қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауапты әзiрлеу. және объектiге тексеру өткiзуге дайындалу;

4) объектiнi тексерудi дайындау және өткiзу;

5) шешiм қабылдау;

6) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсе қызметкерi;

2) басшы;

3) жауапты орындаушы;

4) мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгер.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезектiлiгiн сипаттау:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тiркеудi өткiзедi және құжаттарды басшыға бұрыштама қоюға жiбередi — 30 минут;

2) басшы құжаттармен танысады, жауапты орындаушыны айқындайды — 30 минут;

3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi. Өтiнiш берушiмен толық емес құжаттарды ұсыну фактiсi айқындалған жағдайда өтiнiштi әрi қарай қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауапты әзiрлейдi — 1 жұмыс күнi;

4) құжаттардың сәйкес болуы жағдайында жауапты орындаушы 2 жұмыс күнi мерзiмде:

объектiнi тексеруге дейiн бару арқылы бақылау және қадағалауды өткiзу туралы құқықтық статистика және арнайы есеп органдарына хабарлайды;

объектiге тексеру жүргiзедi;

объектiнiң ұсынылған құжаттарға сәйкестiгiн тексередi;

сәйкестiгiн тексередi;

мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актiсiн жасайды, мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгердiң қарауына шешiм қабылдау үшiн енгiзедi;

5) мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгер тiзiм бойынша:

қолмен және мөрмен куәландырылған мемлекеттiк ветеринариялық бақылау және қадағалау объектiсiнiң ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкестiгi;

«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы қолмен және мөрмен куәландырылған, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныспен мемлекеттiк ветеринариялық бақылау және қадағалау объектiсiнiң ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместiгi туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру туралы шешiм қабылдайды. Қағаз тасығышта өтiнiш бiлдiрген жағдайда, ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкте басып шығарылады, оған қол қойылады және мөрмен куәландырылады — 3 сағат;

6) кеңсе қызметкерi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн журналда тiркейдi және оны бередi — 30 минут.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсеткенде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiш беру тәртiбi мен рәсiмдерiнiң (iс-қимылдарының) кезеңдiлiгiн сипаттау.

көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — ЖСН) және бизнес-сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — БСН), сондай-ақ парольдiң (Порталда тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жүзеге асырылады) көмегiмен Порталда тiркелудi жүзеге асырады;

1-процесс — қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушымен Порталда ЖСН/БСН және парольдi енгiзу процесi (авторизациялау процесi);

1-шарт — тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы туралы деректердiң дұрыстығын ЖСН/БСН мен пароль арқылы Порталда тексеру;

2-процесс — Порталмен көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушымен осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызметтi көрсету үшiн сұрату нысанын экранға шығару және көрсетiлетiн қызметтi алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректердi енгiзу), Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттардың көшiрмесiн электрондық түрде сұрату нысанына тiркеу, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi алушымен сұратуды куәландыру (қол қою) үшiн тiркеу куәлiгiн — электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрi — ЭЦҚ) таңдауы;

2-шарт — Порталда ЭЦҚ-ның тiркеу куәлiгiнiң қолдану мерзiмiн және керi қайтарылған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң iшiнде болмауын, сондай-ақ сәйкестендiру деректерiнiң (сұратуда көрсетiлген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестiгiн тексеру;

4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

5-процесс — электрондық үкiмет төлем шлюзiнде қызметке ақы төлеу, содан кейiн бұл ақпарат «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ түседi не электрондық (сканерленген) түрде түбiртектi тiркеу;

3-шарт — қызмет көрсету үшiн төлеу фактiсiн «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тексеру;

7-процесс — автоматтандырылған жұмыс орнында «электрондық үкiмет» шлюзы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұратуын) көрсетiлетiн қызметтi берушiмен сұратуды өңдеу үшiн өңiрлiк «электрондық үкiмет» шлюзiне жолдау;

8-процесс — осы регламенттiң 5-тармағымен көзделген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

9-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушымен «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алу.

Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының ЭЦҚ-сын қолданумен қалыптастырылады.

10. Портал арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара әрекеттесуiнiң диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген.

11. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету процесiнде рәсiмдер (iс-қимылдар) кезеңдiлiгiнiң, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының және мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiнiң толық сипаттамасы осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

«Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық

бақылау және қадағалау объектiлерiне

ветеринариялық-санитариялық қорытынды

беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн

қызмет регламентiне 1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiндегi функционалдық өзара әрекеттесудiң диаграммасы

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

Портал — «электрондық үкiмет» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz;

ЭҮТШ — электрондық үкiмет төлем шлюзi;

«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ — «Е-лицензиялау» мемлекеттiк дерекқор ақпараттық жүйесi.

«Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық

бақылау және қадағалау объектiлерiне

ветеринариялық-санитариялық қорытынды

беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн

қызмет регламентiне 2-қосымша

«Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

Дата создания статьи: 03.11.2017 11:38
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.11.2017 11:38
Қаралым саны: 870

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz