A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты

Жүктеу (DOCX 28 Kb)

Ветеринария саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 27 тамызда № 11959 болып тiркелдi.

"Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Экспорттау кезiнде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлерге ветеринариялық сертификат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттiк тiркей отырып, ветеринариялық препараттарға, жемшөптiк қоспаларға тiркеу куәлiктерiн беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Ветеринариялық анықтамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Жануарларды өсiрудi, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және сатуды жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндiру, сақтау және сату бойынша өндiрiс объектiлерiне тiркеу нөмiрлерiн беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретiн сараптама актiлерiн беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бiрдейлендiрудi жүргiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес "Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес "Жаңа жетiлдiрiлген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтiк-техникалық құжаттаманы келiсу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес "Ветеринариялық препараттарға және жемшөптiк қоспаларға апробация жүргiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлсiн.";

13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес "Лазерлiк станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндiрушiлердi эмиссия жөнiндегi дерекқорда тiркеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлсiн.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 02.03.2016 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2. Қазақстан Республиқасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринария және тамақ қауiпсiздiгi департаментi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшiрмесiнiң мерзiмдi баспа басылымдарына және "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiне ресми жариялауға жiберiлуiн;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрiне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрi                                                                                           А. Мамытбеков

 

"КЕЛIСIЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрi
_______________Ә. Исекешев
8 шiлде 2015 жылы

"КЕЛIСIЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрi
_________________Е. Досаев
"____" ___________ 2015 жыл

"КЕЛIСIЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика Министрiнiң
мiндетiн атқарушы
_________________Т. Жақсылыков
24 шiлде 2015 жыл

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрiнiң
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 7-1/418 бұйрығына
9-қосымша

"Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бiрдейлендiрудi жүргiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. "Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бiрдейлендiрудi жүргiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

Ветеринариялық паспорттан үзiндi-көшiрме алу қажет болған жағдайда өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "электрондық үкiметтiң" веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 24.11.2015 № 7-1/1031 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алу сәтiне дейiн — облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары айқындаған өткiзу мерзiмдерiне сәйкес жүзеге асырылады;

Ветеринариялық паспорттан үзiндi-көшерме беру — 30 (отыз) минут;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн кезекте күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут;

4) сырға (сырғалар) жоғалған, бүлiнген кезде (жеке нөмiрiн айқындау мүмкiн емес) қайталама мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жануарларға жаңа жеке нөмiр бере отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiге сырғалар келiп түскен күннен бастап 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi.

Iрi жануардың сырғаларының бiреуi жоғалған немесе бүлiнген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушiге аспалы сырға телнұсқасы келiп түскен күннен бастап 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — электрондық (iшiнара автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — ауыл шаруашылығы жануарын бiрдейлендiру тәсiлдерiнiң бiрiмен жануарларға ветеринариялық паспорт бере отырып жеке нөмiр беру, телнұсқа беру, ветеринариялық паспорттан үзiндi-көшiрме беру не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық/қағаз түрiнде.

Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 09.06.2017 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушылар) ақысыз көрсетiледi. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес чиптердiң құнын қайтару ақылы негiзде жүзеге асырылады. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк сатып алу туралы конкурс нәтижесi бойынша айқындалған чиптердiң құнын екiншi деңгейдегi банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейдi.

8. Мыналардың:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — "Мерекелер туралы" Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге, 18.30-ға дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;

2) порталдың жұмыс кестесi — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Мерекелер туралы" Заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнiнде жүзеге асырылады).

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 09.06.2017 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не оның өкiлi) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) ауыл шаруашылығы жануарларын бастапқы бiрдейлендiру үшiн ветеринариялық паспорт беру:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжатдың немесе өкiлдiң өкiметтiлiгiн растайтын (сәйкестендiру үшiн);

чиптер үшiн ақы төленгенiн (чиптен кезiнде) растайтын кұжат;

2) сырға (сырғалар) жоғалған немесе бүлiнген кезде телнұсқасын алу үшiн ауыл шаруашылығы жануарларына бiрдейлендiру өткiзу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжаттың немесе өкiлдiң өкiметтiлiгiн растайтын (сәйкестендiру үшiн);

3) жоғалған немесе ескiрген кезде ветеринариялық паспорттың телнұсқасын алу үшiн:

ветеринариялық паспорттың екiншi нұсқасын алу үшiн осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (ветеринариялық паспорттың жоғалғанын, бүлiнгенiн растайтын құжаттардың қосымшасымен қоса) өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжатың немесе өкiлдiң өкiметтiлiгiн растайтын (сәйкестендiру үшiн);

4) ветеринариялық паспорттан үзiндi-көшiрме алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорттан үзiндi-көшiрме алу үшiн өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжаттың немесе өкiлдiң өкiметтiлiгiн растайтын (сәйкестендiру үшiн);

порталға ветеринариялық паспорттан үзiндi-көшiрме алу үшiн:

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорттан үзiндi-көшiрме алу үшiн электронды құжат нысанындағы өтiнiш;

Жеке басты куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде оның көшiрмесiнде құжаттар топтамасының қабылдау күнi, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсете отырып, тiркеу туралы белгi қойылғаны қағаз жеткiзгiштегi өтiнiштiң қабылданғанын растау болып табылады;

2) портал арқылы — көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетiледi.

9-1. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн мыналар негiз болып табылады:

1) өтiнiш берушi ветеринариялық паспорт бере отырып, жануарға жеке нөмiр алу үшiн ұсынған құжаттардың және/немесе оларда қамтылған деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгiнiң анықталуы;

2) өтiнiш берушiге қатысты ветеринариялық паспорт бере отырып, жануарға жеке нөмiр алуды талап ететiн қызметке немесе жекелеген қызмет түрiне тыйым салу туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң (үкiмiнiң) болуы;

3) өтiнiш берушiге қатысты заңды күшiне енген сот шешiмiнiң болуы, оның негiзiнде өтiнiш берушi ветеринариялық паспорт бере отырып, жануарға жеке нөмiр алуға байланысты арнайы құқығынан айрылуы."

Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 09.06.2017 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

10. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану кезiнде: шағым Министрлiктiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Шағымда:

жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетiледi;

заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Өтiнiшке көрсетiлетiн қызметтi алушы қол қояды.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта арқылы жолданады не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Электронды өтiнiштi портал арқылы жолдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" өтiнiш туралы ақпарат, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы сотқа жүгiнедi.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге талаптар

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдағы "жеке кабинетi" арқылы, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкiндiгi бар.

15. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.

"Ауыл шаруашылығы
жануарларын ветеринариялық
паспорт бере отырып
бiрдейлендiрудi жүргiзу"
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет
стандартына 1-қосымша

Нысан

_______________________________________
(ветеринариялық ұйымның атауы)

_______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)
ЖСН, /заңды тұлғаның атауы БСН)

Мекенжайы _____________________________
Өтiнiш нөмiрi:

Өтiнiш

Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзуге арналған

бұйымдарың (құралдарың) жоғалуына, бүлiнуiне, төл алынуына

байланысты, тағы басқа кездерде* (қажеттiсiнiң астын сызыңыз) ауыл

шаруашылығы жануарын бiрдейлендiруiңiздi және аспалы сырғаның

телңұсқасын (телнұсқа алу үшiн көрсетiледi) беруiңiздi сұраймын.

жануар түрi ____________________________________________________;

жануарлар саны ________________________________________________;

Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмiрi (аспалы сырғаның

телнұсқасын алу үшiн)____________________________________________

Бiрдейлендiру тәсiлi (сырғалау, таңбалау, чиптеу, татуировка)

(қажеттiсiнiң астын сызыңыз);

Мына құжаттарды қоса беремiн:

я Чиптiң құнын төлеу туралы түбiртек;

я Ауыл шаруашылығы жануары паспортының көшiрмесi:

я Өзге құжаттар (көрсету керек)

Ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

мәлiметтердi пайдалануға келiсемiн.

Ұсынылып отырған мәлiметтердiң шынайылығын растаймын.

Байланыс телефондары ____________________ E-mail __________

20 __ жылғы ____________ _________________________

(өтiнiш берушiнiң қолы)

Қосымша: _____ парақ 1 данада __________________________________

Құжаттар 20 __ жылғы _____________ қабылданды

________________________________ (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)

Ескертпе* ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзу

қажеттлiгiнiң себебiн көрсету.

"Ауыл шаруашылығы жануарларын
ветеринариялық паспорт бере отырып
бiрдейлендiрудi жүргiзу"
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет
стандартына
2-қосымша

Нысан

_______________________________________
(ветеринариялық ұйымның атауы)

_______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)
ЖСН, /заңды тұлғаның атауы БСН)

Мекенжайы _____________________________
Өтiнiш нөмiрi:

Өтiнiш

Ветеринариялық паспорттың телнұсқасын берудi сұраймын.

_______________________________________________________________

__________________________________________________себебi бойынша

Жануарың түрi _________________________________________________

Жануарлар саны _________________________________________________

Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмiрi:_____________________________

ветеринариялық паспорттың жоғалуы, бүлiнуi фактiсiн растайтын мынадайқұжаттарды қоса беремiн:____________________________________

Байланыс телефондары _____________________ E-mail ______________

Ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

мәлiметтердi пайдалануға келiсемiн.

Ұсынылып отырған мәлiметтердiң шынайылығын растаймын.

20 __ жылғы ____________ _________________________

(өтiнiш берушiнiң қолы)

Қосымша: _____ парақ 1 данада __________________________

Құжаттар 20 __ жылғы _____________ қабылданды

__________________________ (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)

"Ауыл шаруашылығы жануарларын
ветеринариялық паспорт бере отырып
бiрдейлендiрудi жүргiзу"
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет
стандартына
3-қосымша

Нысан

_______________________________________
(ветеринариялық ұйымның атауы)

_______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)
ЖСН, /заңды тұлғаның атауы БСН)

Мекенжайы _____________________________
Өтiнiш нөмiрi:

Өтiнiш

Ветеринариялық паспорттан үзiндi-көшiрме берудi сұраймын.

Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмiрi:_____________________________

_______________________________________________________________

Ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

мәлiметтердi пайдалануға келiсемiн.

Ұсынылып отырған мәлiметтердiң шынайылығын растаймын.

______________________________________________20__жылғы_______

(өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде), қолы)

Дата создания статьи: 30.10.2017 12:18
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.09.2018 17:20
Қаралым саны: 763

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz