A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты

Жүктеу (DOCX 61 Kb)

Ветеринария саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 27 тамызда № 11959 болып тiркелдi.

"Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Экспорттау кезiнде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлерге ветеринариялық сертификат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттiк тiркей отырып, ветеринариялық препараттарға, жемшөптiк қоспаларға тiркеу куәлiктерiн беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Ветеринариялық анықтамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Жануарларды өсiрудi, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және сатуды жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндiру, сақтау және сату бойынша өндiрiс объектiлерiне тiркеу нөмiрлерiн беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретiн сараптама актiлерiн беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бiрдейлендiрудi жүргiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

10) алып тасталды — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң м.а. 22.01.2019 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен;

11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес "Жаңа жетiлдiрiлген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтiк-техникалық құжаттаманы келiсу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес "Ветеринариялық препараттарға және жемшөптiк қоспаларға апробация жүргiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлсiн.";

13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес "Лазерлiк станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндiрушiлердi эмиссия жөнiндегi дерекқорда тiркеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлсiн.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 02.03.2016 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң м.а. 22.01.2019 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.

2. Қазақстан Республиқасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринария және тамақ қауiпсiздiгi департаментi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшiрмесiнiң мерзiмдi баспа басылымдарына және "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiне ресми жариялауға жiберiлуiн;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрiне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрi                                                                                                                                               А. Мамытбеков

"КЕЛIСIЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрi
_______________Ә. Исекешев
8 шiлде 2015 жылы

"КЕЛIСIЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрi
_________________Е. Досаев
"____" ___________ 2015 жыл

"КЕЛIСIЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика Министрiнiң
мiндетiн атқарушы
_________________Т. Жақсылыков
24 шiлде 2015 жыл

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрiнiң
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 7-1/418 бұйрығына
7-қосымша

"Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң м.а. 22.01.2019 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi:

1) ветеринариялық мақсаттағы ветеринариялық препараттарды өндiру жөнiндегi қызметпен айналысуға лицензия берудi — Министрлiктiң Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi (бұдан әрi — Комитет), (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi);

2) жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзу жөнiндегi қызметпен айналысуға лицензия берудi — облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап:

лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезiнде — 15 (он бес) жұмыс күнiнен кеш емес ;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу кезiнде — 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде;

лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезiнде — 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсыруы үшiн күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлген мерзiмдерде өтiнiштi әрi қарай қараудан жазбаша уәждi бас тартады.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — электрондық (iшiнара автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көрсетiлген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы уәждi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi электрондық нысанда ресiмделедi, басып шығарылады, көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қолы қойылады және мөрмен расталады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы портал арқылы жүгiнген кезде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушылар) ақылы негiзде көрсетiледi. Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы орналасқан жерi бойынша бюджетке "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес ветеринария саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төлейдi, ол:

1) лицензия беру үшiн 6 айлық есептiк көрсеткiштi;

2) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн лицензия беру кезiндегi мөлшерлеменiң 10 %-ын;

3) лицензияның телнұсқасын беру үшiн лицензия беру кезiндегi мөлшерлеменiң 100 %-ын құрайды.

Лицензиялық алымды төлеу екiншi деңгейдегi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

Портал арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға арналған электрондық сұраным берген жағдайда, төлем "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi (бұдан әрi — ЭҮТШ) немесе екiншi деңгейдегi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.

8. Мыналардың:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — "Мерекелер туралы" Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетiледi;

2) порталдың жұмыс кестесi — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Мерекелер туралы" Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген жағдайда, өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады)

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не оның өкiлi) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) лицензия алу үшiн:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiшi;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiшi;

заңды тұлға үшiн — заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама (сәйкестендiру үшiн);

жеке басын куәландыратын құжат немесе өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (сәйкестендiру үшiн);

дара кәсiпкер ретiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы қызметiнiң басталғаны туралы хабарлама;

ветеринария саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат;

меншiк құқығында тиiстi үй-жайлардың бар екенiн немесе жалдау шарты құқығында тиiстi үй-жайлардың бар екенiн растайтын құқық белгiлейтiн құжаттың көшiрмесi;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес құжат нысанындағы ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру бойынша ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруға арналған мәлiметтер нысаны;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес құжат нысанындағы жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы бойынша ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруға арналған мәлiметтер нысаны;

порталға:

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiшi;

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiшi;

ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, ветеринария саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

меншiк құқығында тиiстi үй-жайлардың бар екенiн немесе жалдау шарты құқығында тиiстi үй-жайлардың бар екенiн растайтын құқық белгiлейтiн құжаттың электрондық көшiрмесi;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру бойынша ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруға арналған мәлiметтер нысаны;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы бойынша ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруға арналған мәлiметтер нысаны;

2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымша алу үшiн:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiшi;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiшi;

заңды тұлға үшiн — заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама (сәйкестендiру үшiн);

жеке басын куәландыратын құжат немесе өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (сәйкестендiру үшiн);

дара кәсiпкер ретiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы қызметiнiң басталғаны туралы хабарлама (сәйкестендiру үшiн);

жалдау шарты құқығында тиiстi үй-жайларының бар екендiгiн растайтын құқық белгiлеушi құжаттың көшiрмесi;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру бойынша ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруға арналған мәлiметтер нысаны;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы бойынша ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруға арналған мәлiметтер нысаны;

порталға:

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiшi;

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiшi;

жалдау шарты құқығында тиiстi үй-жайларының бар екендiгiн растайтын құқық белгiлеушi құжаттың электрондық көшiрмесi;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру бойынша ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруға арналған мәлiметтер нысаны;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы бойынша ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруға арналған мәлiметтер нысаны;

3) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеуге арналған өтiнiшi

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеуге арналған өтiнiшi;

заңды тұлға үшiн — заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама (сәйкестендiру үшiн);

жеке басын куәландыратын құжат немесе өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (сәйкестендiру үшiн);

дара кәсiпкер ретiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы қызметiнiң басталғаны туралы хабарлама (сәйкестендiру үшiн);

лицензияны қайта ресiмдеу үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

ақпараттық жүйеде мәлiметтер болмаған жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн негiз болатын өзгерiстер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшiрмелерi;

порталға:

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеуге арналған өтiнiшi;

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеуге арналған өтiнiшi;

ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресiмдеу үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

ақпараттық жүйеде мәлiметтер болмаған жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн негiз болатын өзгерiстер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшiрмесi;

4) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жоғалтқан, бүлдiрген кезде лицензия туралы мәлiметтердi тиiстi ақпараттық жүйелерден алу мүмкiндiгi болмаған жағдайда ғана лицензияның телнұсқасын алу үшiн;

көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалғаны, бүлiнгенi туралы еркiн нысандағы өтiнiш;

заңды тұлға үшiн — заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама (сәйкестендiру үшiн);

жеке басын куәландыратын құжат немесе өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (сәйкестендiру үшiн);

дара кәсiпкер ретiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы қызметiнiң басталғаны туралы хабарлама (сәйкестендiру үшiн);

лицензияның телңұсқасын беру үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат;

порталға:

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным.

ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресiмдеу үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi.

Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, дара кәсiпкердi тiркеу туралы, меншiк құқығында тиiстi үй-жайларының бар екендiгi туралы, ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы, лицензия туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырған кезде — қағаз тасығыштағы өтiнiштiң қабылданғанын көшiрмесiнде құжаттар топтамасын қабылдау күнi, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркелгенi туралы белгi қойылғаны растайды;

2) портал арқылы тапсырған кезде — көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрiнедi.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға мыналар негiз болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшiн қызмет түрiмен айналысуға тыйым салынуы;

2) лицензиялық алымның енгiзiлмеуi;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң тиiстi келiсушi мемлекеттiк органнан көрсетiлетiн қызметтi алушының лицензиялау кезiнде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiндiгi туралы жауап алуы;

5) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметтi немесе қызметтiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң (үкiмiнiң) болуы;

6) сот орындаушысының ұсынысы негiзiнде соттың борышкер көрсетiлетiн қызметтi алушыға лицензия беруге уақытша тыйым салуы.

7) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгiнiң анықталуы.

3-тарау. Орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:

шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 16-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почтамен не жұмыс күндерi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Мыналардың:

жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), тегi, почталық мекенжайы көрсетiледi;

заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Арызға көрсетiлетiн қызметтi алушы қол қояды.

Шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөнi мен тегi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде оның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) растайды.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы уәждi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта байланысы арқылы жолданады не Комитеттiң, Министрлiктiң және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефоны арқылы алуға болады.

Портал арқылы электрондық арыз жолдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" арыз туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң арызды өңдеуi (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралады.

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге талаптар

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушыларға күту және қажеттi құжаттарды дайындау үшiн жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажеттi құжаттардың тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады.

15. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң ғимараттары физикалық мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандустары бар кiреберiспен жабдықталған болады.

16. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған.

17. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, оның мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкiндiгi бар.

18. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдағы "жеке кабинетi" арқылы, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

19. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

Мақаланың шыққан күні:30.10.2017 16:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.03.2019 15:31
Қаралым саны: 2516

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz