A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты

Көшiру (DOCX 34 Kb)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 27 тамызда № 11959 болып тiркелдi.

"Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Экспорттау кезiнде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлерге ветеринариялық сертификат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттiк тiркей отырып, ветеринариялық препараттарға, жемшөптiк қоспаларға тiркеу куәлiктерiн беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Ветеринариялық анықтамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Жануарларды өсiрудi, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және сатуды жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндiру, сақтау және сату бойынша өндiрiс объектiлерiне тiркеу нөмiрлерiн беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретiн сараптама актiлерiн беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бiрдейлендiрудi жүргiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес "Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес "Жаңа жетiлдiрiлген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтiк-техникалық құжаттаманы келiсу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес "Ветеринариялық препараттарға және жемшөптiк қоспаларға апробация жүргiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлсiн.";

13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес "Лазерлiк станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндiрушiлердi эмиссия жөнiндегi дерекқорда тiркеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлсiн.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 02.03.2016 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2. Қазақстан Республиқасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринария және тамақ қауiпсiздiгi департаментi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшiрмесiнiң мерзiмдi баспа басылымдарына және "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiне ресми жариялауға жiберiлуiн;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрiне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының  
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков

"КЕЛIСIЛГЕН"

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрi

_______________Ә. Исекешев

8 шiлде 2015 жылы

"КЕЛIСIЛГЕН"

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрi

_________________Е. Досаев

"____" ___________ 2015 жыл

"КЕЛIСIЛГЕН"

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика Министрiнiң

мiндетiн атқарушы

_________________Т. Жақсылыков

24 шiлде 2015 жыл

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 7-1/418 бұйрығына
2-қосымша

"Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау

объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру"

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. "Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары бекiткен тiзiм негiзiнде мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгер (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары;

2) "электрондық үкiметтiң" веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 24.11.2015 № 7-1/1031 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап — 5 (бес) жұмыс күнi;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсыруы үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi.

Өтiнiш берушi құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлген мерзiмдерде өтiнiштi әрi қарай қараудан жазбаша дәлелдi бас тартады.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 09.06.2017 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — электрондық (iшiнара автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — объектiнiң ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкестiгi туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды немесе анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар бере отырып, объектiнiң ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместiгi туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды (бұдан әрi — ветеринариялық-санитариялық қорытынды) не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

Ветеринариялық-санитариялық қорытынды электрондық нысанда ресiмделедi, бланкке басып шығарылады, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қолы қойылады және мөрмен расталады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы портал арқылы жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" ветеринариялық-санитариялық қорытындыны алу орны, күнi мен уақыты туралы хабарлама көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 09.06.2017 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушылар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының

6) тармақшасына сәйкес ақылы түрде (ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкiсi үшiн) көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк сатып алу туралы конкурс нәтижесi бойынша айқындалған бланктiң құнын екiншi деңгейдегi банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейдi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда төлем "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi (бұдан әрi — ЭҮТШ) немесе екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.

8. Мыналардың:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — "Мерекелер туралы" Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге, 18.30-ға дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;

2) порталдың жұмыс кестесi — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Мерекелер туралы" Заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнiнде жүзеге асырылады).

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 09.06.2017 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (немесе оның өкiлi) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжат (сәйкестендiру үшiн);

3) жалға алу шартының құқығында үй-жайлардың тиiстi бар екенiн растайтын құқық белгiлейтiн құжат көшiрмесi;

4) ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкiсiнiң құнын төлегенiн растайтың құжат;

порталға:

1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымшаға сәйкес, тұтынушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;

2) жалға алу шартының құқығында үй-жайлардың тиiстi бар екенiн растайтын құқық белгiлейтiн құжаттың электрондық көшiрмесi;

3) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, ветеринариялық сертификат бланкiсi үшiн ақы төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi.

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, дара кәсiпкердi туралы мемлекеттiк тiркеу, меншiк құқығында тиiстi үй-жайлардың бар болуы туралы құжаттардың мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi берушi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде оның көшiрмесiнде құжаттар топтамасының қабылдау күнi, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсете отырып, тiркеу туралы белгi қойылғаны қағаз жеткiзгiштегi өтiнiштiң қабылданғанын растау болып табылады;

2) портал арқылы — көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетiледi.

9-1. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн мыналар негiз болып табылады:

1) өтiнiш берушi ветеринариялық-санитариялық қорытынды алу үшiн ұсынған құжаттардың және/немесе оларда қамтылған деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгiнiң анықталуы;

2) өтiнiш берушiге қатысты ветеринариялық-санитариялық қорытынды алуды талап ететiн қызметке немесе жекелеген қызмет түрiне тыйым салу туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң (үкiмiнiң) болуы;

3) өтiнiш берушiге қатысты заңды күшiне енген сот шешiмiнiң болуы, оның негiзiнде өтiнiш берушi ветеринариялық-санитариялық қорытынды алуға байланысты арнайы құқығынан айрылуы.

Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 09.06.2017 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

10. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану кезiнде: шағым Министрлiктiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Шағымда:

жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетiледi;

заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Өтiнiшке көрсетiлетiн қызметтi алушы қол қояды.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта арқылы жолданады не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Электронды өтiнiштi портал арқылы жолдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" өтiнiш туралы ақпарат, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi алушы сотқа жүгiнедi.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып

қойылатын өзге талаптар

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электронды нысанда алу мүмкiндiгi бар.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдағы "жеке кабинетi" арқылы, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкiндiгi бар.

16. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.

"Мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық -санитариялық қорытынды беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына қосымша

  "Мемлекеттік ветеринариялық-
санитариялық бақылау және
қадағалау объектілеріне ветеринариялық
-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша

Нысан

____________________________________

(ветеринария саласындағы қызметтi

____________________________________

жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы

____________________________________

орган бөлiмшесiнiң атауы)

____________________________________

____________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

ЖСН/ заңды тұлғаның атауы, БСН)

Анықтама нөмiрi (куәлiк*)

Мемлекеттiк тiркеу__________________

Мекенжайы________________________

Өтiнiш нөмiрi:

Өтiнiш

Ветеринариялық-санитариялық қорытындыны беруiңiздi сұраймын__________

(объектiнiң түрi)

___________________________________________________________________

Объектiнiң атауы ____________________________________________________

Объектiнi белгiлеу ___________________________________________________

Объектiнiң сипаты ___________________________________________________

Объектiнiң шығу тегi _________________________________________________

Үй-жайына жеке құқық белгiлеу

Мына мекенжайда орналасқан ________________________________________

Үй-жайы иесiнiң мәлiметi _____________________________________________

Келiсiм-шарт қорытындысының күнi ____________________________________

Келiсiм-шарттың жарамдылық уақыты __________________________________

Келiсiм-шарттың ерекше шарттары _____________________________________

Үй-жайының мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң күнi _________________

Мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын:

___________________________________________________________________

Байланыс телефоны __________________ E-mail _________________________

Ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

мәлiметтердi пайдалануға келiсемiн.

Ұсынылып отырған мәлiметтердiң шынайылығын растаймын.

___________________ 20___ жылғы

(өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) қолы)

Қосымша: _____ парақта 1 данада______________________________________

ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне

заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi

есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы

қолданысқа енгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi)

мемлекеттiк (есепке алу) тiркеу (қайта тiркеу) куәлiгi заңды тұлға

қызметiн тоқтатқанға дейiн жарамды болып табылады.

Дата создания статьи: 03.11.2017 10:58
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.11.2017 11:15
Қаралым саны: 498

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz