A- A A+
Ақмола облысының ветеринария басқармасы Ақмола облысының ветеринария басқармасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты

Жүктеу (DOCX 43 Kb)

Ветеринария саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 27 тамызда № 11959 болып тiркелдi.

"Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Экспорттау кезiнде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлерге ветеринариялық сертификат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттiк тiркей отырып, ветеринариялық препараттарға, жемшөптiк қоспаларға тiркеу куәлiктерiн беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Ветеринариялық анықтамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Жануарларды өсiрудi, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және сатуды жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндiру, сақтау және сату бойынша өндiрiс объектiлерiне тiркеу нөмiрлерiн беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретiн сараптама актiлерiн беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бiрдейлендiрудi жүргiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

10) алып тасталды — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң м.а. 22.01.2019 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен;

11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес "Жаңа жетiлдiрiлген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтiк-техникалық құжаттаманы келiсу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес "Ветеринариялық препараттарға және жемшөптiк қоспаларға апробация жүргiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлсiн.";

13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес "Лазерлiк станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндiрушiлердi эмиссия жөнiндегi дерекқорда тiркеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлсiн.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 02.03.2016 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң м.а. 22.01.2019 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.

2. Қазақстан Республиқасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринария және тамақ қауiпсiздiгi департаментi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшiрмесiнiң мерзiмдi баспа басылымдарына және "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiне ресми жариялауға жiберiлуiн;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрiне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының/
Ауыл шаруашылығы министрi                                                                                                                                        А. Мамытбеков

"КЕЛIСIЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрi
_______________Ә. Исекешев
8 шiлде 2015 жылы

"КЕЛIСIЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрi
_________________Е. Досаев
"____" ___________ 2015 жыл

"КЕЛIСIЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика Министрiнiң
мiндетiн атқарушы
_________________Т. Жақсылыков
24 шiлде 2015 жыл

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрiнiң
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 7-1/418 бұйрығына
5-қосымша

"Жануарларды өсiрудi, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды,
өңдеудi және сатуды жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне,
сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндiру,
сақтау және сату бойынша өндiрiс объектiлерiне тiркеу нөмiрлерiн беру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң м.а. 22.01.2019 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Жануарларды өсiрудi, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және сатуды жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндiру, сақтау және сату бойынша өндiрiс объектiлерiне тiркеу нөмiрлерiн беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары;

2) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап:

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшесiне — 7 (жетi) жұмыс күнi;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшесiне — 5 (бес) жұмыс күнi;

өндiрiс объектiсiнiң жүзеге асырылатын қызмет түрiн өзгертуге әкеп соқтырмай, атауы және/немесе ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда — 5 (бес) жұмыс күнi;

өндiрiс объектiсi қызметiнiң түрi өзгерген жағдайда, осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында белгiленген мерзiмдерде есепке алу нөмiрiн беру рәсiмiнен қайта өтедi;

сою алаңдары қолда бар есепке алу нөмiрiн растау үшiн осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында белгiленген мерзiмдерде есепке алу нөмiрiн қайта ресiмдеу рәсiмiнен өтедi.

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут;

3) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлген мерзiмдерде өтiнiштi әрi қарай қараудан жазбаша уәждi бас тартады.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — электрондық (iшiнара автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — жануарларды өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азық мен азықтық қоспаларды өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есепке алу нөмiрдiң берiлгенi туралы растама (бұдан әрi — растама) немесе берiлген есепке алу нөмiрдiн қайта ресiмдеу не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы уәждi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық.

Растама электрондық нысанда ресiмделедi, басып шығарылады, қол қойылады және мөрмен расталады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы портал арқылы жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жануарларды өсiрудi, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азық және азықтық қоспаларды өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есепке алу нөмiрлерiн алу орны, күнi мен уақыты туралы хабарлама жолданады.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушылар) тегiн көрсетiледi.

8. Мыналардың:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — "Мерекелер туралы" Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетiледi;

2) порталдың жұмыс кестесi — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Мерекелер туралы" Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген жағдайда, өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не оның өкiлi) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

есепке алу нөмiрiн беру үшiн:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке басты куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжат (сәйкестендiру үшiн);

3) өндiрiс объектiсi қызметiнiң түрi, өндiрiлетiн өнiмнiң көлемi мен түрi туралы еркiн нысанда жасалған ақпарат.

Есепке алу нөмiрiн қайта ресiмдеу кезiнде, есепке алу нөмiрiнiң атауын және (немесе) ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын өзгерту кезiнде, сою алаңына арналған есепке алу нөмiрiн растау кезiнде:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке басты куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжат (сәйкестендiру үшiн);

порталға:

есепке алу нөмiрiн беру үшiн:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;

2) өндiрiс объектiсi қызметiнiң түрi, өндiрiлетiн өнiмнiң көлемi мен түрi туралы еркiн нысанда жасалған ақпараттың электрондық көшiрмесi.

Есепке алу нөмiрiн қайта ресiмдеу кезiнде, есепке алу нөмiрiнiң атауын және (немесе) ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын өзгерту кезiнде, сою алаңына арналған есепке алу нөмiрiн растау кезiнде:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;

Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы, дара кәсiпкердi тiркеу туралы, ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы, бұрын берiлген есепке алу нөмiрi туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына тапсырған кезде — қағаз тасығыштағы өтiнiштiң қабылданғанын көшiрмесiнде құжаттар топтамасын қабылдау күнi, уақыты, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркелгенi туралы белгi қойылғаны растайды;

2) портал арқылы тапсырған кезде — көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрiнедi.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға мыналар негiз болып табылады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы есепке алу нөмiрiн алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгiнiң анықталуы;

2) есепке алу нөмiрiн беру үшiн қажеттi ұсынылған құжаттардың, объектiлердiң, деректер мен мәлiметтердiң сәйкес келмеуi, оның iшiнде, берiлген ветеринариялық-санитариялық қорытындыға сәйкес өндiрiс объектiсiнiң Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуi, сондай-ақ, егер, өтiнiш берушi өндiрiс объектiсi экспорттаушы болып табылса, экспорт жүзеге асырылатын елдiң ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарына сәйкес келмеуi;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты өндiрiс объектiсiне есепке алу нөмiрiн алуды талап ететiн қызметке немесе жекелеген қызмет түрлерiне тыйым салу туралы заңды күшiне енген сот шешiмнiң (үкiмнiң) болуы;

4) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты заңды күшiне енген сот шешiмнiң болуы, оның негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы өндiрiс объектiсiне есепке алу нөмiрiн алуға байланысты арнайы құқығынан айрылуы.

3-тарау. Мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:

шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 16-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почтамен не жұмыс күндерi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Мыналардың:

жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), тегi, почталық мекенжайы көрсетiледi;

заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Арызға көрсетiлетiн қызметтi алушы қол қояды.

Шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөнi мен тегi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде оның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) растайды.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы уәждi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта байланысы арқылы жолданады не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

Портал арқылы электрондық арыз жолдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" арыз туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң арызды өңдеуi барысында (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралады.

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге талаптар

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушыларға күту және қажеттi құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажеттi құжаттардың тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады.

15. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң ғимараттары физикалық мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандустары бар кiреберiспен жабдықталған болады.

16. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған.

17. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, оның мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкiндiгi бар.

18. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдағы "жеке кабинетi", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

19. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

Дата создания статьи: 07.09.2018 18:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.03.2019 15:16
Қаралым саны: 588

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

8 (7162) 72-29-08

veterinary@akmo.kz